Қонаев қаласының жастары дауыс беруге шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қонаев қаласының жастары дауыс беруге шақырады

Қонаев қаласының жастары дауыс беруге шақырады

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында да 34 сайлау учаскеcі таңсәріден жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

  • 19 Наурыз 2023
  • 12
Фото - Caravan.kz

Жалпы, қала бойынша 48 мыңға жуық дуыс беруші бар. Учаскелерде 191 кандидаттың сенімді өкілдері тіркелді. Дауыс беруге қала тұрғындары келіп жатыр. Әр сайлау учаскесі саяси науқанды өткізуге толық дайын. Ең алғашы болып дауыс беруге қаланың құрметті ардагерлері мен қариялар келіп, өз таңдауын жасады. 18 жасқа толған белсенді жастар да бірінші рет дауыс беріп жатыр.

Сұраншы Мәмеков, зейнеткер:


— Балаларым бар, немерелерім, шөберелім бар. Солар жақсы өмір сүру үшін сол үшін дауыс беріп отырмын.

Гүлім Шайберген, студент: — Бүгін бірінші рет дауысымды бердім. Сонда да қобалжу үстіндемін. Барлық азаматттарға өз дауыстарын беруге шақырамын, ол – өздерінің таңдауы.
 

Соңғы жаңалықтар