Қонаев қазақ емес. Қонаев қазақты руға бөліп, ара-дарасын шығарды - Ерлан Төлеутай - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қонаев қазақ емес. Қонаев қазақты руға бөліп, ара-дарасын шығарды - Ерлан Төлеутай

Қонаев қазақ емес. Қонаев қазақты руға бөліп, ара-дарасын шығарды - Ерлан Төлеутай

Әлеуметтік желіде Қонаев жайлы сұмдық ақпарат тарады. 

  • 16 Қаңтар 2023
  • 2304
Фото - Caravan.kz


Бұл пікірді белгілі дәстүрлі әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай өзінің фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Қонаевтың қазаққа қалдырған тағы бір «мұрасы» – трайбализм дерті болды. Ежелден келе жатқан «Бөліп ал да, билей бер» саясатын шебер ұстанған Қонаев қазақты руға бөліп, ара-дарасын шығарды. Ол үшін әуелі ол Тәшеновтің түбіне жетті. Одан кейін Сәтбаев пен Бөкетовтің тағдырын ойыншық қылды. Өзіне әріден қамқор болған Нұртас Оңдасынов пен Өзбекәлі Жәнібековтерді қызметтен аластатты. Шын мәнінде бұл тұлғалар қазаққа Құдай сыйлаған құтты ерлер еді. Бұлардың бәрі құсадан өлді. Бұл тұлғалардан айырылған соң қазақтың берекесі кете бастады. Ал Қонаев болса жылдан жылға дәуірлей берді. Бірақ кез келген дәуірлеудің соңы болады ғой, Қонаев мұны күн ілгері білді. », — дейді дәстүрлі әнші.

Ерлан Төлеутайдың айтуынша, Қонаевтың ұлты қазақ емес.

«Шын мәнінде Қонаев ешқандай қазақ емес еді.Замандастарының айтуынша 1940 жылдардан билік баспалдағымен қауырт көтеріле бастаған Қонаев 1949 жылы төлқұжатына өзін қазақ деп жазғызып алған. Бұған дейін ол татар болып келген. Мұны өзінің замандасы әрі ұйғыр мектебінде бірге оқыған кластасы Исмаил Юсупов те, Қонаевтың ауылдасы, кейіннен оппазицияға кетіп Қонаевты  аяусыз әшкерелегені үшін диссидент атанған Кәрішал Асанов та өз еңбектерінде дәлелдеп жазды. Бұл жалған десеңіздер, өткен жылдары әлеуметтік желілерде Қонаевтың гаплогрупасын зерттеген мамандардың мақаласы жарық көргені естеріңізде шығар. Сонда Қонаевтың татар текті екені анық көрсетілген. Соңғы технология жетістіктеріне сүйенген ғылым осылай деп жатса, Қонаевты қазақ деп жалаулатқандарға не жорық? Шынында да Қонаевты қазақ дегеннен бізге не түседі? Қонаевтың саяси қызметінен, оның ел басқарған жылдарынан алатын бір-ақ ғибрат бар – ол көмекей әулие Бұқар жыраудың «Жатқа тізгін бермеңіз, жаламенен бас кетер», – деген қазіргі Ақ Ордамыздың маңдайына жазып қояр өсиеті. Кенесары хан қырғыздың қолынан қазаға ұшыраған сонау 1847 жылдан жатқа тізгін беріп келдік қой, содан қазақ не ұтты. Құтты ерлерін қор қылғаннан басқа – түк те! Жатты төбеге көтеру, құтты ерлерді қор қылу дәстүрі мына Тәуелсіздік заманында әлі де «қарқынды» жалғасуда. Олай болмаса, Еркін Әуелбеков, Заманбек Нұрқаділов, Алтынбек Сәрсенбаев, Ақселеу Сейдімбек, Болат Атабаев, Арон Атабек сынды т.б. ел үшін туған асыл ерлер бірі құсадан, бірі оқтан, бірі абақтыда шіріп өлер ме еді. Голощекиннің жиені Машкевич, оның сыбайластары Шодиев пен Ибрагимов, Миттал, Ким секілді жат жұрттық алаяқтардың қолына еліміздің жер асты, жер үсті байлығын беріп қояр ма едік? Егер билік құтты ерлердің қолында болса, бұлардың бірін де билік пен қазынаның маңына жолатпас еді ғой. ?!»,- дейді Ерлан Төлеутай.