Қонағын пышақтап, мүрдені подъезге шығарып тастаған күдікті ұсталды
|
Петропавл тұрғыны үйіне келген қонағын пышақтап өлтіріп, мүрдені подьезге шығарып тастаған. Ал өзі ұйықтауға жатыпты.
Өлікті таңертең жұмысқа жиналған көршілері байқап, бірден полиция шақыртқан. 31 жастағы күдікті бұрын сотты болған. 52 жастағы марқұм болса кеше кешкісін оған қонаққа келген екен. Бірлесіп арақ ішкен бөтелкелестердің отырысы жанжалға ұласса керек. Үй иесі алдымен қонағының басын оқтаумен жарып, сосын пышақтап тастапты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін