Caravan Logo

Қонағын пышақтап, мүрдені подъезге шығарып тастаған күдікті ұсталды

Қонағын пышақтап, мүрдені подъезге шығарып тастаған күдікті ұсталды


Өлікті таңертең жұмысқа жиналған көршілері байқап, бірден полиция шақыртқан. 31 жастағы күдікті бұрын сотты болған. 52 жастағы марқұм болса кеше кешкісін оған қонаққа келген екен. Бірлесіп арақ ішкен бөтелкелестердің отырысы жанжалға ұласса керек. Үй иесі алдымен қонағының басын оқтаумен жарып, сосын пышақтап тастапты.