Қонақүйде көңіл көтермек болған сауықшыл серілер «қыз зорлады» деп айыпталуда
|
Ал Алматыға оңтүстік өңірден жұмыс іздеп келген жас жігіттер қонақүйлердің бірінде шатақ шығарды. Ішімдіктен біраз сілтеген сауықшыл серілер көшеде екі қызбен танысып, өздерімен бірге ерте келген. Тек көңілді отырыстың соңы қып-қызыл төбелеске ұласыпты. Ақыры бойжеткендердің бірі зәбір көрдім деп полиция шақыртқан.
Қашанғыдай қос тарап бір-бірінің қара бастарын қаралап әлек. Түн ортасында тентектікке басқан серілер ешкімге күш көрсетпедік деп азар да безер. Айтуларынша, бойжеткендердің бірімен көшеде танысыпты. Артынша барлығы қонақ үйге келіп, екі шөлмек шарапты сіміріп алған. Ішімдік бойға тараған соң өздерінше көңіл көтергілері келсе керек.
Күдікті:
- Жыныстық қатынасқа түстім Мадинамен, екіншісіне тиіскен жоқпын.
– Күштеп алдың ба, әлде өзі берді ме?
- Өз ризашылығымен бірге қосылдық. Ол да риза, мен де риза.
Ал арулардың арланғаны ма, беттерін қос қолдап бүркеген күйі терезенің жабынына жасырынды. Ұялы телефондарын қымқырып кеткен жігіттерге қатты ашулы екен. Полицейлер тентектерді тәртіпке салып жатқанда да жандары жай таппады.
- Айырам ертең ше. Әр сөзіне жауап беретін болады әр адам!
Қыз зорлады деп шақырту түскенімен, тілдей параққа арызда жазылмады түнде. Барлығының бір-бірін танитыны рас екен. Жүзі таныс жігітпен жүздесіп қайтамыз дегені осынша оспадарлыққа ұласарын білмесе керек. Ашуға булыққан азаматтар әбден ұрып-соғып тастады дейді қыздар. Құрбысын жігіттер жабылып қинап жатқанда, екіншісі көмекке шақырамын деп қапылып жүріп үшінші қабаттан оңбай құлапты. Дін-аман әйтеуір.
Жәбірленуші:
- Есімнен танып қалыппын, көзімді ашсам ол мені шешіндірейін деп жатыр екен. Мен оны итеріп жіберіп қайта киіндім. Кондиционерден ұстадым да төмен секірдім. Төменде темір труба бар екен, содан ұстап едім төмен құладым. Жаман аяғым ауырып қалдым.
Қыз зорланды деп дабыл қағылған қонақ үйдің қызметкерлері болса түк көрмедік, ештеңе естімедік деп бет бақтырар емес. Күзетші де ол кезде жұмыс орнынан жырақта болыпты.
Кама Шарипова, қонақ үй қызметкері:
- Олардың бөлмесі тіптен тыныш болған, не жағдай болғанын түсіне алар емеспін. Артыннан келген ер адам мен азаматша айқай шығарған ол бөлмеде. Тепкілеп жүріп есігімізді де сындырып тастады.
Құрықталған жігіттер қазір уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Оқиғаның анық-қанығы тексерілуде. Жәбірленуші тараптан арыз түссе сауықшыл серілердің ісі сотқа жетуі ықтимал.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін