Қопарғыш затты сақтағандығы үшін Сәтпаевта ресейлік азамат сотталды
Қарағанды облысының Сәтпаев қалалық соты қопарғыш затты сақтағандығы үшін ресейлік азаматты екі жарым жылға соттады, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен. |
"Жігіт пластина тақылеттес қопарғыш зат салынған төрт брикетті сақтап келген. Сараптама көрсеткендей, бұл массаның қопарғыш қуаттылығы күшті ,ол тау -кен өнеркәсібінен өндіріледі", деп хабарлады сәрсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" баспасөз қызметінен.
Тергеу оның кен өндірісі саласына ешқандай қатысының жоқ екендігін анықтаған. Оның айтуынша, қопарғыш затты ол Кенгір су қоймасы жағалауынан тауып алған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін