«Біз 2009-2010 жылдарда инвесторлар мен эмитенттер саны күрт өседі деп болжап отырмыз. Қор нарығындағы іскерлік белсенділік 2009-2010 жылдарда нақты шарықтау шегіне жетеді деп ойлаймыз», — деді А. Арыстанов.
Оның пікірінше, бұл «нақты сектор үшін, өнім өндірушілер үшін салықтан жеңілдіктер көрсетуге байланысты, ол компаниялардың қор нарығына шығу шығындарын азайтады».
«Бұл сондай-ақ, жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім мөлшері 7 мың доллардан асқанда статистикаға сәйкес қор нарығындағы белсенділіктің артатындығына байланысты», — деді А. Арыстанов.
Бұған қоса, оның пікірінше, қор нарығын дамытуда агенттік Қаржы министрлігімен және қаржылық бақылау агенттігімен бірлесе өткізіп отырған халықты оқыту бағдарламасы да оңды роль атқармақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті