Қор стипендиаты Әсел Қалымжанова: Алдыңа мақсат қойып, тынымсыз еңбек ету керек - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қор стипендиаты Әсел Қалымжанова: Алдыңа мақсат қойып, тынымсыз еңбек ету керек

Қор стипендиаты Әсел Қалымжанова: Алдыңа мақсат қойып, тынымсыз еңбек ету керек

Әсел Қалымжанова Еуразия гуманитарлық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша төртінші курста оқиды.

  • 9 Сәуiр 2021
  • 3220
Фото - Caravan.kz

Ол оқуға түскен алғашқы жылдан-ақ ғылыми зерттеу жұмыстарымен, кәмелет жасына толмағандарды бейімдеуге көмектесу саласында волонтерлықпен айналысып келеді. Сондай-ақ, Pro Bono қозғалысының қатысушысы. Бұл қозғалыс аз қамтылған адамдарға заң жағынан тегін кеңес береді.

Әсел оқуын оқи жүріп, «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы мен «Ғылым және жаңа буын» атты студенттер мен магистранттардың халықаралық ғылыми конференциясында жүлделі орындар алған. «Брейн-ринг» форматында өткен «Қазақстанның болашағы менің қолымда» атты республикалық турниріне қатысқаны, Адам құқығы мектебінде оқығаны жөнінде сертификаттары бар, сондай-ақ, «Жемқорлыққа қарсы тізе қосамыз: жастар әділдік жолында әлемді өзгертеді» атты халықаралық конференцияға қатысқаны және басқа да іс-әрекеттері үшін берілген алғыс хаттары бар.


Алдыңа мақсат қойып, тынымсыз еңбек ету керек. Кемістігің мен қорқынышыңды жеңе білу қажет. Басқа адамдардың өтінішіне құлақ асқан абзал. Сонымен қатар, біз жұртқа жақсылық жасаудан керемет ләззат алып, бойымызды мақтаныш сезімі билейді. Еріктілер үшін бұл маңызды
, — дейді Әсел Қалымжанова.

Ол үшін ғылым жәй зерттеу ғана емес. Әсел ғылыми мақаланы жазу барысында мына өмірде қиын жағдайда қалған әр адамның басынан өткен жайтты өз бойына сіңіріп алатынын айтады. Бұл моральдық жағынан ауыр. Бірақ болашақ заңгер құқықты дамытуға және мына әлемді әдемі етуге өз үлесін қоса алатынына сенеді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы күллі қоғам алдындағы жауапкершілікті білдіреді. Мен стипендиат дәрежесінің маңыздылығын жақсы түсінемін. Әрі болашақ маман ретіндегі өзіме артылған үмітті ақтауға уәде беремін, — дейді дарынды қыз.