Қор стипендиаты Бибарыс Алиш: "Музыка жазған соң, оны тыңдарманға дұрыс жеткізу маңызды" - kaz.caravan.kz
  • $ 495.95
  • 524.37
-7 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қор стипендиаты Бибарыс Алиш: "Музыка жазған соң, оны тыңдарманға дұрыс жеткізу маңызды"

Қор стипендиаты Бибарыс Алиш: "Музыка жазған соң, оны тыңдарманға дұрыс жеткізу маңызды"

Бибарыс Алиш –– Қазақ ұлттық өнер университеті вокал факультетінің 3 курс студенті. Болашақ академиялық вокалист республикалық және халықаралық шығармашылық байқауларға қатысып, 40-тан астам жеңіске жеткен.

  • 24 Ақпан 2022
  • 8
Фото - Caravan.kz

Солардың қатарында: алғашқы халықаралық «Орфей» вокалистер байқауында Бас жүлде (Ресей, Челябинск қаласы), Гнесиндер атындағы академиялық вокалистердің алтыншы халықаралық байқауында II орын (Ресей, Мәскеу қаласы), Р.М.Глиэр атындағы екінші халықаралық вокалистер байқауында I орын (Ресей, Мәскеу қаласы), О.Тактакишвили атындағы екінші халықаралық вокалистер байқауында ІІІ орын (Грузия, Тбилиси қаласы), «Романсиада» бесінші халықаралық вокалистер байқауында ІІІ орын (Қырғызстан, Бішкек қаласы) алған жетістіктерін ерекше айтуға болады.

Бибарыс өз салаңда нағыз кәсіби маман болу үшін шыдамды және табанды еңбек етіп, сүйікті ісіңді үйрену керектігін айтты.

Қазақстандық жас талант классикалық музыка мен академиялық вокалды нағыз ғылым деп есептейді.


– Нота – көпшілікке жұмбақ шартты белгі. Нотадан музыка шығару үшін музыкалық білім қажет. Шығарма жазған соң музыкант тоқтамауы керек. Еңбегіңді көрерменге дұрыс жеткізу де маңызды, – дейді Бибарыс Алиш.

Оның музыкаға деген махаббаты ерекше. Бұған оның көптеген жетістіктері және ол сенімді қадам басқан студенттік шәкіртақы байқауында жеңіске жетуі дәлел.