Қор стипендиаты Элданиз Гусейнов: Бәрі де қолыңыздан келеді! - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қор стипендиаты Элданиз Гусейнов: Бәрі де қолыңыздан келеді!

Нұрсұлтан Назарбаев қорының стипендиаты Элданиз Гусейнов ғылыми және қоғамдық-саяси жұмыстарға бейім болып шықты. Ол – Қазақстан-Германия университетінің студенті. Сонда халықаралық қатынас мамандығын оқып жатыр.
 
Элданиздің зерттеуге деген құштарлығы оқушы кезінен бар. Ол орта мектепте оқып жүргенде, сыныптасымен бірге Маңғыстау облысының тарихи-мәдени мұрасының мәселелері туралы ғылыми еңбек жазған. Бұл жоба Қазақстан мен Ресейде өткен халықаралық байқауларда бірінші орынды жеңіп алды.
 
Университетке түскен дарынды жас ғылымға деген құштарлығымен қатар қоғамдық және саяси жұмыстармен де айналыса бастады. Атап айтқанда, ол университет базасында «Сенімділік» пікірталас клубын ашты. Онда халықаралық қатынас саласындағы түрлі тақырыптарда пікірталастар өткізілді.
 
Біздің стипендиат 2018 жылы Бүкілресейлік V жас саясаттанушылар форумында Қытайдың Орталық Азиядағы «жұмсақ күші» туралы керемет баяндама жасады. Бұл баяндама әлемде болып жатқан процестерге қатысты ғылыми мақалалар мен пікірлер сериясын жазуға сеп болды.
 
Элданиз Гусейнов Гамбург университетінде «Copernicus Stipendium» бағдарламасы бойынша оқыған. Өз университетінде студенттік кеңестің президенті болды. Алматы қаласы Студенттер кеңестерінің «G39» қауымдастығына төрағалық етті. Қазір Элданиз - Қазақстанның жас халықаралық қатынас мамандары қоғамдастығының төрағасы.
 
- Маған кермет үлгі боларлықтай жан бар. Ол – менің анам. Ол кісі қоғам белсендісі. Қашан да, қай жерде де қасында жүрдім. Оның қоғамның дамуы үшін қалай, не істеп жатқанын көрдім. Ғылымға деген құштарлығым энциклопедиялар мен кітаптардың арқасында пайда болды. Өйткені мен интеллектуалдық ортада өстім, - дейді Элданиз Гусейнов.
 
Элданиз біздің көпшілігі жас болып келетін оқырмандарымызға былай деп кеңес берді: «Әр сәттен ләззат алыңыз. Өзіңізді осы қалпыңызда жақсы көріңіз. Өкпе-ренішке босқа уақыт кетірмеңіз. Бәрі де қолыңыздан келеді! Көбірек демалыңыз. Туыстарыңыз бен жақындарыңызды бағалаңыз».

  • 23 Маусым 2021
  • 3019
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев қорының стипендиаты Элданиз Гусейнов ғылыми және қоғамдық-саяси жұмыстарға бейім болып шықты. Ол – Қазақстан-Германия университетінің студенті. Сонда халықаралық қатынас мамандығын оқып жатыр.
 
Элданиздің зерттеуге деген құштарлығы оқушы кезінен бар. Ол орта мектепте оқып жүргенде, сыныптасымен бірге Маңғыстау облысының тарихи-мәдени мұрасының мәселелері туралы ғылыми еңбек жазған. Бұл жоба Қазақстан мен Ресейде өткен халықаралық байқауларда бірінші орынды жеңіп алды.
 
Университетке түскен дарынды жас ғылымға деген құштарлығымен қатар қоғамдық және саяси жұмыстармен де айналыса бастады. Атап айтқанда, ол университет базасында «Сенімділік» пікірталас клубын ашты. Онда халықаралық қатынас саласындағы түрлі тақырыптарда пікірталастар өткізілді.
 
Біздің стипендиат 2018 жылы Бүкілресейлік V жас саясаттанушылар форумында Қытайдың Орталық Азиядағы «жұмсақ күші» туралы керемет баяндама жасады. Бұл баяндама әлемде болып жатқан процестерге қатысты ғылыми мақалалар мен пікірлер сериясын жазуға сеп болды.
 
Элданиз Гусейнов Гамбург университетінде «Copernicus Stipendium» бағдарламасы бойынша оқыған. Өз университетінде студенттік кеңестің президенті болды. Алматы қаласы Студенттер кеңестерінің «G39» қауымдастығына төрағалық етті. Қазір Элданиз — Қазақстанның жас халықаралық қатынас мамандары қоғамдастығының төрағасы.
 
— Маған кермет үлгі боларлықтай жан бар. Ол – менің анам. Ол кісі қоғам белсендісі. Қашан да, қай жерде де қасында жүрдім. Оның қоғамның дамуы үшін қалай, не істеп жатқанын көрдім. Ғылымға деген құштарлығым энциклопедиялар мен кітаптардың арқасында пайда болды. Өйткені мен интеллектуалдық ортада өстім, — дейді 
Элданиз Гусейнов
.