Үздік оқумен бірге бойжеткен жеңіл атлетика және керлинг бойынша университет командасының намысын қорғап жүр. Университеттің қоғамдық өміріне белсенді араласып, өзге де студенттерді жұмылдырады.
Раушан «III халықаралық басылым» жобасына қатысқаны үшін I дәрежелі және ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесі үшін «ТМД-ның үздік жас ғалымы-2021» төсбелгісінің иегері. 2019 жылдың мамыр айында Ақтөбеде 40 км марафонда Қазақстанның ХІ жазғы универсиадасының чемпионы атанса, 2021 жылдың мамыр айында Алматыда 3000 м қашықтықта ҚР ХІ жазғы универсиадасының күміс медалін жеңіп алды.
2021 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Елбасы Академиясының «Ел Үміті» бастамасы аясында жүзеге асқан «Елбасы Медалі» бағдарламасына қатысып, қола медаль иеленді.
Үшінші курстан бастап Президенттік шәкіртақы алған Раушанға осы оқу жылында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шәкіртақысын ұтып алу бақыты бұйырды.
— Барлығы өз қолымызда , мүмкін емес нәрсе жоқ; бұл үшін аздап еңбек ету керек: жоғары академиялық үлгерім, өз салаң бойынша жаңа нәрсені үйренуге талпынып, шет тілін меңгерген жөн. Бұл зияткерлік деңгейіңізді дамытумен қатар, өмірдің көптеген саласында, соның ішінде кәсіби және еңбек бағытында да пайдалы, – дейді Раушан Қабдолданова.
Айта кетейік, жаңа оқу жылының шәкіртақысы байқауының бірінші кезеңі 2022 жылдың 30 маусымында аяқталады. Өтінім беріп үлгеріңіз. Толығырақ fnn.kz сайтындағы «Жобалар мен байқаулар» бөлімінен біліңіз.
— Шәкіртақы алу – бұл шынымен дұрыс жолда екенімді дәлелдейтін кішігірім жеңіс. Мұндай шәкіртақылар студенттерді университеттің қоғамдық және ғылыми өмірінде белсенді араласып, сұранысқа ие жоғары білікті маман болу жолында үздік оқуға ынталандырады, — дейді Раушан.