Жанна 15 жыл бойы спорттық бимен айналысып келеді, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері. Үш жыл бұрын «Спорттық бал билерінен Қазақстан Республикасының спорт шебері» атанды. Мектепте үздік оқығаны үшін «Алтын белгі» құрмет белгісімен марапатталды.
Жанна небәрі 20 жаста, дегенмен, оның халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған оқушылары бар. Оның есімі дарынды балалар мен елдің үздік студенттері туралы кітаптарда жазылған. Сонымен қатар, талантты қыз «фортепиано» сыныбы бойынша музыка мектебін тәмамдаған.
— Шығармашылық – менің өмірімнің мәні. Бұл еркіндік, өз-өзіңді көрсетудің жолы. Мен айналысып жүрген ісімді жақсы көремін. Мен өмірімнің көп бөлігін спорттық бал биіне арнадым. Билегенде бәрін ұмытамын. Мен оны жан мен тән терапиясы деп атар едім. Мен өз ісімді беріліп орындаймын, әр қозғалысты мұқият жасаймын. Бұл өте керемет! — дейді Жанна Науразбаева.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атаулы стипендиясын алуға арналған байқау туралы Жанна университетте естіген.
– Мен «Неге тырысып көрмеске?» деп ойладым. Мен білім алып, оны өз ісімде қолданып жүрмін. Мен үшін бұл жаңа мақсаттарға ұмтылатындай үлкен мотивация болды. Стипендия иегері атанғанымды білгенде қатты қуандым. Өйткені қатысушылар көп, бәсекелестік өте үлкен болды. Нұрсұлтан Назарбаев қорын қолдауы – жаңа жетістіктерге жетелейтін ынталандыру. Өзіңнің бір сатыға жоғары тұрғаныңды түсінесің, – деп бөлісті стипендиат өз ойымен.
Сондай-ақ, Жанна құрдастарын өздеріне қуаныш сыйлайтын іспен айналысуға шақырды: «Батыл болыңдар! Тырысыңдар! Жасаңдар! Уақыт бір мезетте зырғып өтеді, сондықтан бір сәтке де тоқтамаңыздар».