Қордай ауданында прокурорлық тексеру нәтижесінде кәмелеттік жасқа толмаған балаларға түн мезгілінде жұмыс істеткен жұмыс берушілерге айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қордай ауданында прокурорлық тексеру нәтижесінде кәмелеттік жасқа толмаған балаларға түн мезгілінде жұмыс істеткен жұмыс берушілерге айыппұл салынды

Қордай ауданында прокурорлық тексеру нәтижесінде кәмелеттік жасқа толмаған балаларға түн мезгілінде жұмыс істеткен жұмыс берушілерге айыппұл салынды

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қордай ауданында прокурорлық тексеру нәтижесінде кәмелеттік жасқа толмаған балаларға түн мезгілінде жұмыс істеткен жұмыс берушілерге айыппұл салынды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 19 Қыркүйек 2008
  • 958
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қордай ауданы прокурорының прокурорлық ықпал ету шараларының негізінде Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторының қаулыларымен үш жұмыс беруші ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 87-бабының 1-бөлігімен 5 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қордай ауданының прокуратурасының аудан аумағында жасы кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша тексеруі барсында көптеген заң бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, Қордай ауылында орналасқан «Силкуэй» кафесінде официант болып жұмыс істейтін жасөспірім Н. Әзімбаймен оны жұмысқа қабылдаған кафе әкімшісі Б. Белібаев еңбек шартын жасамаған.

Кодекстің 183-бабына сай, жасы 18-ге толмағандарға түнгі мезгілде жұмыс істетуге тыйым салынады.

Алайда, тексеру барысында Н. Әзімбай түнгі сағат 23-те, яғни түнгі мезгілде жұмыс істеп жатқаны анықталды.

Қордай ауылының Барыс-2 базарында орналасқан «Алматы» кафесінде дәл осындай заң бұзушылықтарға жол берілген.

Атап айтқанда, 1993 жылы туған Ж. Сайлаубайтегі және 1991 жылы туған Ж.Мұстахымовалармен кафе әкімшісі Г.Сүлейменова еңбек шарттарын жасамай, оларға түнгі мезгілде жұмыс істеткізген.

Қордай ауылының Барыс-2 базарында орналасқан «Қордай» кафесінің иесі Э.Оспанова 1991 жылы және 1993 жылы туған апалы-сіңлілі Камилә және Дәмегүл Бердалиевалармен еңбек шартын жасамай, олардың түнгі мезгілде жұмыс істеуіне жол берген.

Э.Оспанова оның үстіне К.Бердалиеваның 2008 жылдың тамыз айының 8-нен 20-на дейін жалақысын төлемеген.

Ал ауызша шарт бойынша жалақы күнделікті төленеді деп келісілген.

Қордай ауданының прокуратурасы бұл заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы өндіріс қозғап, негізінен қарау үшін Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторына жолдаған болатын.

Мемлекеттік инспектордың 2008 жылғы тамыз айындағы қаулыларымен Г.Сүлейменоваға, Б.Белібаевқа 5 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде 5 840 теңгеден, ал Э.Оспановаға 20 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде 23 360 теңге айыппұл салынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар