Қордайдағы қанды қылмысқа қатысты 59 адам сот алдында жауап береді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қордайдағы қанды қылмысқа қатысты 59 адам сот алдында жауап береді

Қордайдағы қанды қылмысқа қатысты 59 адам сот алдында жауап береді

Он бір адамның өліміне әкеп соққан Қордайдағы қанды қылмысқа 59 адам сот алдында жауап береді. Қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқандар қазақ және дұңған ұлтының азаматтары.

  • 31 Мамыр 2020
  • 35
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаға сілтеп хабарлайды.

Олар адам өлтіру, қарақшылық, тонау, өзгенің мүлкін бүлдіру сияқты 29 түрлі қылмыстық іс шеңберінде тергеліп жатыр.

Қазір 59 адамның 8-і денсаулығы, отбасылық жағдайы сияқты түрлі себептерге байланысты уақытша ұстаудан босатылған. Ал 12 күдікті кепілдікпен уақытша бостандықта жүр. Ұсталғандардың басым бөлігі Масаншы, Бұлан-батыр және Ауқатты елді-мекендерінің жұмыссыз жүрген жастары, олардың ішінде бұрын да адам өлтіріп, қарақшылық, бұзақылық жасап сотталғандар бар екен.

Айта кетейік, жетінші ақпан күні Жамбыл облысының Қордай ауданында жаппай қақтығыс болып, 11 адам көз жұмған еді.


Соңғы жаңалықтар