Қордың стипендиаты Валентина Дмитренко: Алда тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету сынды маңызды міндет тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қордың стипендиаты Валентина Дмитренко: Алда тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету сынды маңызды міндет тұр

Қордың стипендиаты Валентина Дмитренко: Алда тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету сынды маңызды міндет тұр

Әзірге, студенттік шәкіртақылар байқауына өтінім қабылдау жүріп жатқанда, біз «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты» атанған тұлғалар туралы айтуды жалғастырамыз.

  • 20 Шiлде 2023
  • 1
Фото - Caravan.kz

Бұл жолы Торайғыров университетінің студенті, павлодарлық Валентина Дмитренко жайлы сөз қозғаймыз.

Валентинан жасыл экономика, қаржылық қауіпсіздік және тұрақты даму саласына қызығады. Ол отын-энергетика кешенін дамыту мәселесі бойынша студенттер ғылыми жұмыстарының халықаралық байқауының 2 және 3 дәрежелі СҒЗЖ дипломдарына ие. Сочи қаласындағы қаржы қауіпсіздігі бойынша халықаралық олимпиаданың финалисті, «Құрылыстағы экономика және басқару» халықаралық олимпиадасының 3 дәрежелі диплом иегері.

Валентина Дмитренко «ESG-Павлодар облысының трансформациясы», «Жасыл ауысу» жағдайындағы өндірістік-экономикалық жүйелердің трансформациясы», «Экономикалық қылмыс экономикалық қауіпсіздікке қауіп ретінде» және т.б. ғылыми мақалалардың авторы.

Ғылыммен белсенді айналысатын бойжеткен осы саладағы технологиялар мен зерттеулерді дамыту тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу, өмір сүру сапасын арттыру және отандық экономиканы нығайту үшін маңызды шарт деп санайды.

Валентина шәкіртақы туралы университетте оқып жүргенде біліпті.


— Бұл шәкіртақы материалдық қолдау және жаңа көкжиектерді ашуға, танысуға, жаңа тәжірибе мен білім алуға, сонымен қатар, одан әрі дамуға ынталандыру мүмкіндігі, алайда байқау іріктеуінен өту қиын болды, — дейді Валентина Дмитренко.

«Алдымызда тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету, әлеуметтік-экономикалық даму мен экологиялық мәселелерді шешу арасындағы тепе-теңдікті табу сынды маңызды міндет тұр. Барлық болашақ стипендиаттарға осы мақсатқа жету жолында табыс тілеймін!», — дейді ол замандастарына.

Айта кетейік, 2023 жылдың 8 қыркүйегіне дейін республикалық студенттік шәкіртақылар байқауы өтеді. Оған кемінде екі оқу курсын сәтті аяқтаған, қоғамдық және ғылыми-зерттеу қызметке белсенді қатысатын студенттер қатыса алады. Толығырақ fnn.kz сайтының «Жобалар мен байқаулар» бөлімінен біліңіз.