"Қорғаныс министрі Ермекбаевті трибуналға жіберуді сұраймын!" - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қорғаныс министрі Ермекбаевті трибуналға жіберуді сұраймын!" - Айгүл Орынбек

"Қорғаныс министрі Ермекбаевті трибуналға жіберуді сұраймын!" - Айгүл Орынбек

Белгілі заңгер бейбіт заманда мүгедек болып қалған жас жігіттерге араша түсті. 

  • 15 Қазан 2019
  • 141
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бар жоғы бұйрықты орындаған бозбалалар жауапкершілікке тартылмақшы көрінеді. 

Бұл туралы Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

Сол себепті танымал заңгер мемлекет басшысына үндеу жолдады.  

Құрметті Президент Қ. Тоқаев!

Қорғаныс министрі Ермекбаевты трибуналға жіберуіңізді сұраймын!

Жап жас жігіттер бейбіт күнде мүгедек болып, бұйрықпен барып, енді үстінен қылмыстық іс қозғалып, қару жараққа салғырт қарағаны үшін, 6000000 теңге айыппұл салынған.
Бұйрықты орындамай, бармаймын десе, "Еліне сатқындық "-деген баппен қудалайтын еді.
Жастарда таңдау жоқ!
Себебі әскерде бұйрықты талқыламайды, бұйрықты орындайды.
Мына 20 жастағы жас жігітті, оқ дәрілерге жолатқан Ермекбаевты трибуналмен тез арада жазалау керек!
Қайда мықты стажы бар саперлар?
Неге министрдің өзі салғырттық танып отыр Арыс қаласына?
Бұл жігіт мемлекетке 6000000 шығып келтіріпті міш. Ол қандай шығындар бізде біле жүрейік?
Неге жас жігіттерді ондай қауіпті аймаққа жібереді?
Ермекбаевтың өзі неге барып, оқ дәріні тазалап, утилизация жасамайды?. Соғысқа бармай көкіректеріне бүкіл темірлерді жинап алған шалдарды жіберіңіз! Тазаласын Арысты! Ал жас ұрпақты қолдан мүгедек жасауды доғарыңыздар!
Қызмет бабын асыра сілтеп пайдаланып, мына сарбаздың үстінен қылмыстық іс қозғаған қызметкерлердің бәрін трибуналға жіберуіңізді сұраймын !
ҚР заңы бойынша адам және оның өмірі басты қазына!
Арыс маңынан денсаулығына байланысты, жапа шеккен, мүгедек болып қалған азаматтарға!
Мемлекет тарапынан үй , балаларына 18 жасқа дейін жәрдемақы және оқуға тегін түсіріп беруді қастамасыз етуді сұраймын.
Денсаулығына келтірілетін зардаптары үшін мемлекет тарапынан өмір бойы тегін емделуді және моральдық және материалдық шығын ретінде әрбір сарбазға он миллион теңге есеп шотына аударылсын!
Сарбаздарға қатысты Қылмыстық қылмыстық іс тоқтатылсын!
Арыстан жапа шеккен сарбаздар болса, маған хабарласыңыздар! Министрді сотқа береміз!

Суретте Ақтауда полигонда болған жарылыс құрбаны.


Арыста бір емес , бірнеше жарылыс болды. Содан бірінші төрт, содан он, кеше ғана тағы біреуі болып, майор қайтыс болды. Бірақ ешқандай қызметкерлердің отбасы сұқбат бермей отыр. Себебі журналистерге шықпаңыздар деп қысым көрсетіліп отыр екен. Жақында Алматыда госпитальда жатқан баланың анасы таныс арқылы шығып, " баламның үстінен іс қозғаймыз деп жатыр. Не істейміз?"-дегенде сенбегем! Мына оқиғадан кейін сеніп, алаңдай бастадым!",- деп жазды Айгүл Орынбек.