Қорғаныс министрлігі әскерде суицид жоқ деп таңқалдырды - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғаныс министрлігі әскерде суицид жоқ деп таңқалдырды

Қорғаныс министрлігі әскерде суицид жоқ деп таңқалдырды

Әскерде әлімжеттік пен суицид жоқ! Бүгін Қорғаныс министрлігі осындай тосын мәлімдеме жасады. Күзгі шақыру науқаны кезінде жігіттерді шошытқысы келмесе керек, тіпті әскердің мақтауын асырып жіберді.

  • 20 Қазан 2015
  • 243
Фото - Caravan.kz

Айтуларынша, еліміздің әскери бөлімдерінде соңғы екі жыл ішінде өз-өзіне қол салу мүлдем болмаған. Әлімжеттік те едәуір азайыпты. Өйткені, қару ұстаған сарбаздардың 70 пайызы келісім-шарт негізінде қызмет етеді екен. Басым бөлігі үйленген, бала-шағалы. Мұндай өмірлік көзқарасы қалыптасқан  азаматтар көп жағдайда эмоцияға берілмейді деп сендірді басшылар. Оның үстіне бөлімдерге камера орнатылған. Ал осындай  статистикаға қарамастан қарулы күштерден жауынгерлердің үйлеріне табытпен оралып жатқаны жасырын емес. Бірақ, шенділер оны әлімжеттіктен емес, жігіттердің психологиялық жағдайынан көреді.

Амантай Өсербаев, ҚР ҚМ ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары:

-Әскерде суицид мүлде жоқ. Өйткені, қазір жаңа технологияларды қолданып жатырмыз. Бұрынғыдай емес тестті компютермен тапсырады. Ол, жас сарбаздың психологиялық кем кетігін бірден көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар