Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды - Антикор - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды - Антикор

Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды - Антикор

 

  • 23 Қаңтар 2023
  • 8
Фото - Caravan.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты соталды тергеуді бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қорғаныс министрлігі Ақпараттандыру департаменті бастығының м.а. бейнеконференция байланыс жабдығын жеткізу мерзімін бұзып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

Күдікті ұсталып, Астана қаласы тергеу соты санкциясымен қамауға алынған.