Қорғаныс министрлігі тікұшақтың тас жолға не үшін қонғанын түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғаныс министрлігі тікұшақтың тас жолға не үшін қонғанын түсіндірді

Қорғаныс министрлігі тікұшақтың тас жолға не үшін қонғанын түсіндірді

ҚР Әскери әуе күштерінің Ми-8МТ тікұшағы оқу-жаттығу аясында тасжолға қонған. Қорғаныс министрлігіндегілер Ақтөбе облысындағы тас жолға "адасып келді" делінген тікұшақтың видеосына қатысты осылай деп түсініктеме берді.

  • 15 Ақпан 2017
  • 316
Фото - Caravan.kz

Видеодағы кадрлардан тасжолға қонған тікұшақтан ер адамның жүгіріп шыққанын көруге болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Содан ол жолды жауып қалған көлік жүргізушісіне барады. Ал видеоның авторлары жолдағы кептеліске наразылық танытып жатады.

Қорғаныс министрлігіндегілер әскерлік авиацияның жазғы құрамының жоспарлы түрде дайындық жүргізгенін айтты. "Ми-8МТ ВВС ВС тікұшағы әскери оқу тапсырмасын орындап жатты. Экипаж жол бойына оқу-жаттығу аясында қонды. Жақын маңдағы елді мекендердің қай жақта екенін анықтап, тасжолға қонып, тапсырманы аяқтады. Қазіргі уақытта тікұшақ аэродромда", — деді ведомстводағылар.


Соңғы жаңалықтар