Жарияланды: 620

Қорғаныс министрлігінің көшпелі алқа отырысы өтті

Алматыда қорғаныс ведомствосының басшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің көшпелі алқа отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес бірінші жартыжылдықтағы жауынгерлік және жедел әзірліктің қорытындысы шығарылды. Әскерлердің дайындығы және жауынгерлік әзірлік сапасын арттыру мәселелері қарастырылды. Қазақстан әскерінің қару-жарақ және әскери техникасын дамыту тұжырымдамасы, сондай-ақ Қарулы Күштер басшылық құрамының әскери тәртіп пен құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша жұмыстары талқыланды. - Қарулы Күштердің басым тапсырмаларының бірі - әскерлердің жедел және жауынгерлік әзірлік көрсеткішін арттыру, - деп атап өтті Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков. - Елбасы - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының бізге қойып отырған талабы да осы. Министр Қазақстан әскері жауынгерлік әзірлікте негізгі салмақты жеке құрамның дайындығына арнайды деп атап өтті. Бірақ бұл санды арттыру деген сөз емес. Қазақстан әскеріндегі дайындық сапалық сипатқа ие болуы керек. Бүгінгі таңда әскерлер әртүрлі әскери қимылдар театрындағы іс-қимылдармен оқытылуда. Жуырда ғана аяқталған «Шығыс», «Қаратау» оқу-жаттығулары жоғары деңгейде өткенін атап өткен дұрыс. Қазір мергендер жұбы мен арнайы мақсаттығы барлау топтарының «Алтын үкі» халықаралық жарысы өтуде. Қарулы Күштерді техникалық жарақтандыру да жауынгерлік әзірлікпен тығыз байланысты. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесі де барынша маңызға ие. Қазіргі уақытта «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заң жобасы жасалуда. Бұл құжаттың негізгі мақсаты - әскери қызметшілердің әлеуметтік қамтамасыз етілу жүйесін жетілдіру. Әлеуметтік қамтамасыз ету көлемі қызмет жағдайына байланысты болады. Алқа отырысында жұмылдыру күштерінің дайындығы да көтерілді. Бұл бағытта осымен екінші жыл белсенді жұмыстар жүргізіліп келеді. - Мемлекет өзінің қауіпсіздігі мақсатында жұмылдыру органының қалыптасқан жүйесін иелену керек, - деді министр. - Жұмылдыру жүйесі дағдарыс жағдайында Қарулы Күштер қатарын дайындалған мамандармен толықтыруға әзір болуы қажет. Заседание-коллегии Қарулы Күштердің басшылық құрамы сержанттар құрамы жұмысын күшейту және олардың жауапкершілігін арттыру мәселелерін де көтерді. Сержанттар офицерлер мен жеке құрамды байланыстырып тұратын буын екені баршаға аян. Өткен жылы қараша айында, биыл мамыр айында Гвардейск гарнизонында Қарулы Күштердің сержанттар құрамымен нұсқаулық-әдістемелік жиындар өткізілді. Жиында басшылық құрам бұл секілді іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұру туралы байламға келді. Алқа отырысында әскери қызметшілерді медициналық қамтамасыз ету жоғары деңгейде болу керектігі айтылды. Қорғаныс министрлігі өз тарапынан Алматы, Астана қалаларында заманауи медициналық кешендер тұрғызуда. Қазіргі таңда әскери оқу орындарына курсанттар іріктелуде. Бұл жерде медициналық комиссия басты рөл ойнауы керек. Бұл мәселе үш айдан соң басталатын әскерге шақыру кампаниясына да қатысты. - Бүгін біздің қызметімізді одан әрі жетілдіре түсеуге септігін тигізетін әңгіме болды деп ойлаймын,- деді Қорғаныс министрі. - Сіздер жауынгерлік оқу, әскери тәртіп жағдайы қару-жарақ пен әскери техниканың әзірлігі, бір сөзбен айтқанда Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін айқындайтын шешімдер қабылдайтындарыңызға сенімдімін. Алқа отырысын жапқан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков әрбір лауазымды тұлға екінші жартыжылдықта Қарулы Күштердің алдында тұрған тапсырмаларды шешуге лайықты үлес қоса беретіне сенім білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін