«Қорғас» ісінде погондары мен қызметтеріне қарамастан, бәрі жазаланады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қорғас» ісінде погондары мен қызметтеріне қарамастан, бәрі жазаланады

«Қорғас» ісінде погондары мен қызметтеріне қарамастан, бәрі жазаланады

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы Нұртай Әбіқаев «Қорғас» ісі бойынша погондары мен алып отырған қызметтеріне қарамастан, айыптылардың бәрі жазаланатынын айтты.

  • 4 Шiлде 2011
  • 767
Фото - Caravan.kz

«Онда көп адам, бизнесмендер, кеден, ҰҚК қызметкерлері ұсталды, осыған байланысты бұл процесс прокуратураның тікелей бақылауымен жүргізіліп жатыр. Бұл істерге қатысы барлардың бәрі погондары мен қызметтеріне қарамастан, жазаланады», — деді ол дүйсенбі күні журналистерге.

Еске сала кетейік, қаржы полициясының «Қорғас», «Қалжат» бекеттерінде және «Алатау» кедендік рәсімдеу орталығында жүргізген арнайы шараларының нәтижесінде қызметтік кеңселерде тінту жүргізіліп, құжаттар мен мұрағат тәркіленді. Кейін қаржы полициясы Алматы облысындағы кеден бекеттерінде белсенді түрде әрекет еткен, 100-ден аса адамнан құралған ҰҚТ-ның қызметі тоқтатылғанын хабарлады.

Қаржы полициясының ақпараты бойынша ҰҚТ қызметіне қылмыстық құрылымдардың өкілдерімен бірге құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларының да қатысы болған, олар заңсыз сыйақы үшін топқа қамқоршылық көрсеткен.

Сот ҰҚТ-ның 16 мүшесін қамауға алуға санкция берді. Қамауға алынғандардың ішінде «Қорғас» кеден бекетінің бастығы Бақытжан Айдаров, Ақмола облысы бойынша ҰҚК департаменті бастығының орынбасары Бақытбек Құрманәлиев бар, Алматы облысы бойынша КБД бастығы Құрманбек Артықбаев та бар.

6 мамырда премьер-министр Кәрім Мәсімов кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрібозовты қызметінен босатып, оның орнына ІІМ экс-басшысы Серік Баймағамбетовты тағайындады.

Соңғы жаңалықтар