Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағы Инин қаласы мен Алматы арасында қатынайтын бағытты автобусқа тексеру жүргізген кезде шекарашылар жүргізушінің орындығы астынан екі дорба тауып алды. Онда декларацияда көрсетілмеген шетел валютасы болған. Алдын-ала мәлімет бойынша, контрабандалық ақша ҚХР азаматы болып табылатын автобус жүргізушісіне қарасты болып шыққан.
Қазір құқық қорғау мекемелері осы деректі тектеп-тексеру шараларын жүзеге асыруда.