«Қорғас» орталығы жариялаған конкурста 16 жасар оқушы жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қорғас» орталығы жариялаған конкурста 16 жасар оқушы жеңіске жетті

«Қорғас» орталығы жариялаған конкурста 16 жасар оқушы жеңіске жетті

«Қорғас» шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығы (ШЫХО) жариялаған «Дарын бойынша ғылыми жоба» республикалық конкурсында Алматы облысы Панфилов ауданы Басқыншы ауылының 16 жасар мектеп оқушысы Жәнел Серғалиева жеңіске жетті, деп хабарлайды ШЫХО-ның баспасөз қызметі.

  • 20 Маусым 2011
  • 487
Фото - Caravan.kz

«Жәнелдің ғылыми жұмысы «Қорғас» шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығы» Ұлы Жібек жолын қайта жаңғыртудың шешуші факторы ретінде» деп аталады. Жәнел Серғалиеваны аймақтың атқарушы билігі құттықтап, бағалы сыйлықтар тарту етті», — делінген орталықтың дүйсенбі күні таратқан ақпаратында.

Байқау жеңімпазынің айтуынша, туған өлкесінің даму проблемалары оны бұрыннан мазалайды. «Қорғас» ШЫХО сияқты еліміз үшін аса маңызды жобаның дамуын қатарластарыммен бірлесіп бір жылдан артық уақыт бақылап отырмыз. Осыған байланысты осы тақырыпта өз жұмысымды жазу ойы келді» — деді ҚазТАГ-қа Ж.Серғалиева.

«Қорғас» ШЫХО-сының өкілдері Жәнелдің жұмысына қызығушылықпен қарап отыр. «Біз әрине таң қалдық, бірақ жұмысты мұқият зерттедік және оны назар аударуға лайық деп санаймыз. Болашақта жоғары білім алғаннан кейін Жәнелді осында, «Қорғаста» күтеміз. Бізге ондай кадрлар керек» — деді ШЫХО президенті Ғабдулхаким Жашыбеков.

Ғ. Жашыбеков пен Алматы облысының әкімі Анзар Мұсаханов дүйсенбі күні жас түлекті жеңісімен құттықтап, бағалы сыйлықтар тарту етті. Бұл күні ол 17-ге толады. «Жақында ол ҰБТ-дан 119 балл жинап, «Алтын белгі» алды, ҚазМУ-дің экономика факультетіне оқуға түсуді жоспарлап отыр», — делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар