"Қорғасқа" сауда жасауға барғандар кері қайта алмай жолда қалып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қорғасқа" сауда жасауға барғандар кері қайта алмай жолда қалып жатыр

"Қорғасқа" сауда жасауға барғандар кері қайта алмай жолда қалып жатыр

"Қорғаста" адамдар автобусқа міну үшін бір-бірін таптауға дайын

  • 9 Ақпан 2018
  • 322
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KTK арнасы хабарлайды.

Қыстың көзі қырауда қалтырағандар арасындағы таласта үлкен-кіші деген түсінік жоқ. Жерде сүрінгенді сүйеудің орнына үстінен аттап, бір-бірін таптап өтуден де тайсалмайтындай. Арғы бетке өту үшін кейде 3-4 сағаттап кезегін күтетіндері де бар. Халықаралық сауда орталығы аумағында бар-жоғы 25 автобус жүреді екен. Мұндай кезектен қажығандар, төлеген ақшаларының еш кететіндігін айтады. Бұл жағдайды осы аумақтағы таксистер оңтайлы пайдаланып жатыр. Кезекте тұрғысы келмейтіндер амалдың жоқтығынан, қымбат болса да жүктерін таксиге тиеп, екі есе ақша төлеп қайтуға мәжбүр.

"Халыққа жағдай жасауларың керек. Анандай автобус бар. Асты бар. Үстінде адам отыратын. Бір адамның ішіне неше адам отырады. Рас па? Біз ит болып жүрміз міне. Біз жасымыз 50-ден асып 60 -қа жақындаған өлуіміз керек пе Қазақстанда?" – дейді Жаркент қаласының тұрғыны Қорғасбаева Зейнешгүл. 

Халықаралық орталықтың басшылығы бұл былықтан хабардар. Тығырықтан шығудың да жолын қарастырыпты-мыс. Көктемде әуежайдағыдай жүкті өткізіп, арғы беттен күтіп алатын жүйені іске қосуды жоспарлап отыр. Ал, оған дейін кезекте тұрғысы келмейтіндер гид қызметінің көмегіне жүгінсе болады дейді.


"Олар кезексіз өтеді. Туристік топтарға арнайы дәліздер қарастырылған. Алдын ала келетін және қайтатын уақыттарын ескертуі тиіс. Әрине, қызмет құны сәл қымбат болуы мүмкін. Бірақ, уақыттарын жоғалтқысы, кезекте тұрғысы келмейтіндер осы гидтердің қызметін пайдаланады", — дейді "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралы орталығы АҚ президенті Қаһарман Жазин.

Жаңа жүйе көктемде іске қосылуы тиіс. Қазіргі ескі 25 автобустың орнын заманауи 50 қоғамдық көлік басады деп күтіліп отыр. 

Соңғы жаңалықтар