Caravan Logo

«Қорғас-Шығыс қақпа» АЭА-да 73,5 келі алтынмен контрабандашы ұсталды

«Қорғас-Шығыс қақпа» АЭА-да 73,5 келі алтынмен контрабандашы ұсталды

Бұл туралы Алматы облысы Мемлекеттік кіріс департаментінен хабарлады.

«Қорғас-Шығыс Қақпа ХШЫО АЭА»  бақылау-өткізу пунктінде ҚР ҰҚК шекара қызметінің әскери қызметшілері кеден күзетінің қызметкерлерімен бірлесіп көлік тұрағынан ҚР азаматын ұстады, оның қол жүгінен алтынға ұқсас бұйым табылды. Тауар салмағы - 73,5 келі», - деп нақтылады облыстың мемлекеттік кіріс департаментінен.

Аталмыш факті бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.