Қорғаста шекарадан 70 ішікті заңсыз өткізбек болғандар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғаста шекарадан 70 ішікті заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Қорғаста шекарадан 70 ішікті заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

"Алтынкөл" БӨП "Қорғас" ШЫХО" кеден бекетінің қызметкерлері Шекара қызметінің және Қорғас полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп 70 үлбір ішіктен тұратын партияны ұстады, оны ыдыс пен төсек-орын жабдығы деп Қазақстанға өткізбекші болған.

  • 23 Қазан 2018
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

 

Үлбір ішіктер кедендік бақылау кезінде табылды. Ішіктер целлофанға, төсек-орын жабдықтарына оралған, оларды ұрлап тасушылар әкеле жатыпты. Барлығы алты сөмке болған — олардың ішіндегі заттар рентген-аппарат арқылы анықталды.


Кеден бекеті өкілдерінің айтуынша, ішіктердің біразы қарапайым күртелермен аралас салынған. Ұсталған контрабандалық партияның құны анықталып жатыр.
 

Соңғы жаңалықтар