"Қорғастағы" ҰҚТ мүшелерінің біреуі ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қорғастағы" ҰҚТ мүшелерінің біреуі ұсталды

"Қорғастағы" ҰҚТ мүшелерінің біреуі ұсталды

«Кеденшілер ісі» бойынша іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) мүшелерінің біреуі Бірікке Араб Әмірлігінен ұсталды, - деп ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Маусым 2011
  • 513
Фото - Caravan.kz

«Ағымдағы жылы 2-ші маусымда Қаржы полициясының қызметкерлері мен Біріккен Араб әмірлігінің құқық қорғау органдарымен бірге жүргізілген операциясы барысында Абу-Даби қаласында ҰҚТ-ның тағы бір мүшесі – Отарбаев Бақыт ұсталды», — делінген бейсенбі күні ведомство таратқан хабарда.

Қазір ҚР қаржы полициясының мәліметтерінше, «Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы Біріккен Араб Әмірлігінен ұсталған Отарбаев пен Қайрбаевтарды экстрадициялау процедурасын жүргізіп жатыр».

Бұрын хабарланғандай, қаржы полициясының арнайы жүргізген операциясы барысында «Қорғас», «Қалжат» бекеттерінде және «Алатау» кедендік рәсімдеу орталығында тінту жүргізіліп, құждаттар мен мұрағаттар алынған. Кейін қаржы полициясы Алматы облысында белсенді жұмыс атқарған 100 адамнан асатын ҰҚТ мүшелері залалсыздандырылды деп хабарлағанды.

Қаржы полициясының ақпаратына сәйкес, ҰҚТ қызметіне қылмыстық ортаның өкілдерімен бірге құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары да қатысқан, олар заңсыз ақшалай сыйақы үшін ҰҚ топқа қамқоршылық көрсеткен.

Сот ҰҚТ-ның 16 мүшесін қамауға алуға санкция берді. Қамауға алынғандардың ішінде «Қорғас» кеден бекетінің бастығы Айдаров, Ақмола облыстық ҰҚКД бастығының орынбасары Бақытбек Құрманәлиев бар. Сондай-ақ, Алматы облысы бойынша КБД бастығы Құрманбек Артықбаевты қамауға алуға санкция берілді, оған іздеу жарияланды.

Бұл ретте, 6-шы мамырда премьер-министр Кәрім Мәсімов кедендік бақылау комитетінің төрағасы қызметінен Қозы-Көрпеш Қарбузовты босатып, оның орнына ІІМ экс-басшысы Серік Баймағамбетовты тағайындады.

Соңғы жаңалықтар