"Қорлап жүрміз": Асхат Садырбай беташар тойын мазақ еткендерге шүйлікті (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қорлап жүрміз": Асхат Садырбай беташар тойын мазақ еткендерге шүйлікті (ВИДЕО)

"Қорлап жүрміз": Асхат Садырбай беташар тойын мазақ еткендерге шүйлікті (ВИДЕО)

Тележүргізуші Асхат Садырбай қазақтың тойында салт-дәстүрді аяқ асты еткендерді сынға алды. Ерсі қылық көрсеткен жас, оған тоқтау қоя алмаған үлкенге ренішін айтты.

  • 22 Қазан 2020
  • 45
Фото - Caravan.kz

Өзімізді өзіміз мазақ етіп жүргенде айдаладағы Борат секілділерге ренжуге орын жоқ дейді тележүргізуші.

"Деградация! Мына жерде ата-ене, абысын-ажын, келін-кепшік, бала-шаға жаппай мәз. Карантин талаптарын былай қойғанда, өткізіліп жатқан беташардың түрі мынау. Өзіміздің салт-дәстүрімізді өзіміз мазақ етіп, қорлап жүрміз. Әр тойдың өзінің орны, жолы, маңызы бар сияқты еді. Мына кісілер бүйректен сирақ шығарыпты.

Креатив пен жаңашылдыққа келгенде қатты кетіп қалған екен. Тек пен тәрбие тым азайып барады. Айдаладағы Боратқа не үшін ренжиміз? Мына видеода қанша Борат бар сіздіңше?", — деді Асхат Садырбай. 

Желі қолданушылары жаппай қолдап, пікір білдірді. Тыйм салатын үлкен болмаса, жастар өз білгенін істеп жүр деді олар."Ұят, жаңа түскен келіннің алдында, текті жерден келген қыз болса, қайда келдім деп тұрған шығар", "Үш ұл ұстап отырмын тәрбиесіне қатты алаңдаймын( қоғам қорқынышты. Аллам барлығымыз ға иман, сана берсін", "Өте дұрыс айтып жатырсың. Өтірік күлкілер көбейіп кетті. Бәрі ұшып қонып жатыр. Ол адамдардардың арасында егде адамдар да бар оның несі күлкілі,бала шаға дымды түсінбей күлсе болады Беташарды мазақтап бала сияқты қылықтары", "Дұрыс айтасыз! Нағыз қозғайтын мәселе! Өте ерсі қылықтары, шектен шығып барады", — деп жазды желідегілер.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

БЕТАШАР! Деградация! Мына жерде ата-ене, абысын-ажын, келін-кепшік, бала-шаға жаппай мәз. Карантин талаптарын былай қойғанда, өткізіліп жатқан беташардың түрі мынау. Өзіміздің салт-дәстүрімізді өзіміз мазақ етіп, қорлап жүрміз. Әр тойдың өзінің орны, жолы, маңызы бар сияқты еді. Мына кісілер бүйректен сирақ шығарыпты. Креатив пен жаңашылдыққа келгенде қатты кетіп қалған екен. Тек пен тәрбие тым азайып барады. Айдаладағы Боратқа не үшін ренжиміз? Мына видеода қанша Борат бар сіздіңше? (Видео @shyndykz парақшасынан алынды)

A post shared by Асхат Садырбай (@sadyrbayaskhat) on