"Қорқыныш пен үрей": Әскери борышын өтеп келгендердің ең қызықты оқиғалары - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қорқыныш пен үрей": Әскери борышын өтеп келгендердің ең қызықты оқиғалары

"Қорқыныш пен үрей": Әскери борышын өтеп келгендердің ең қызықты оқиғалары

Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызды өтеу әрбір азаматтың міндеті болып табылады.

  • 22 Қазан 2019
  • 488
Фото - Caravan.kz

Өйткені, туған елді, туған жерді қорғау – қасиетті борыш. Әрбір ер азамат әскерге баруды абыройлы міндет ретінде сезіне отырып, ел алдында берген антты орындайтын үлкен асу баспалдығы тұрғанын естен шығармауы тиіс.

Осы орайда Caravan.kz медиа порталының тілшісі әскердің дәмін татып, Отан алдындағы борышын жуырда өтеп келген бірнеше азаматпен сұхбаттасып көрді.

Мейіржан Қуандық

2017 жылы Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы 28237 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеген Мейіржан Қуандық әскердегі алғашқы күнін, қызықты жайттары мен әскердегі қиындығын айтып берді.

Әскердегі алғашқы күн

Мен 2017 жылдың мамыр айында Алматы облысы Ұзынағаш ауылында 28237 әскери бөлімінде өз әскери қызметімді аман есен өтеп келдім. Әскердегі алғашқы күні ең бірінші келген командир бізді алаңда музыкалық аспаппен күтіп алғаны есімде. Командир құттықтау сөзін айтып “сіздер бүгіннен бастап әскери адамысыңдар”, — деп айтқаны есімде. Содан бастап 1-ай оқу алаңында болдық, яғни Ант қабылдағанша оқу орталығында болдық. Алғашқы күн таныстырумен әскери киімдерімізді үтіктеп погон тігіп солай өтті. Келесі күннен  бастап, таңертеңнен бастап жүгіру, адамыдап жүру басталған еді. Бізге алғашқы күні міндеттерімізді жаттау кітапшасын берді. Кезекшілікте қандай міндеттер атқаратынымыз бәрін жаттап алуымыз керек. Маған сол кезде орысшасы түскен, ол кезде орысша мүлдем білмейтіннен бұрын, түсінбеймін. Әупірімдеп жүріп орысшаны да сол әскерде жүрген кезде үйрендік (күліп). 15 минут жаттайсың, оны айтып бересің қайта жаттайсың. Қазір қарап отырсам, соның барлығы естен кетпейтін жайттар. Сондықтан, әскерге барғанымды мақтанышпен айтамын. Әлі уақыттары бар жігіттерге барыңыздар, қалып қоймаңыздар, өміріңіздегі ең қызығы да, шыжығы да мол сол жер деп айтқым келеді.

Әскери борышын өтеу кезіндегі қызық жағдай

Жаңа жыл күні яғни 31.12.2017 жылы мен кезекшілікте тұрғанмын яғни әскери солдат нарядқа түседі менікі дәл сол 31.12 жаңа жыл қарсы аларда мен 24-сағат нарядқа түскен едім. Өзімнің қандай да бір қателігімнен тұрған жоқпын. Сол күні өзімнің кезегіммен 31-і күніне түсіп тұр екенсің деп бөлім командирі айтқан еді. Жаңа жылды ротамен бірге қарсы ала алмайтын болдым ау деген өкініш болды. Бірақ кешкі сағат 22.00 кезінде өзіммен бірге кезекшілікте тұрған офицер майор Ермаханов мырза ротаға жіберіп, әскердегі жолдастарыммен бірге жаңа жылды қарсы алуыма өз рұқсатын берген еді. Өз ротама барып, барлығын жаңа жылмен құттықтап, көп ұзамай өзімнің кезекшілігіме оралған едім. Сол күні сержант, офицерлермен бірге дастарханнан дәм татып, сағат 00:00 болған кезде кезекшілігімді жалғастырғаным есімде. Сол 2018 жылдың алғашқы күні, яғни бірінші қаңтар есіме ерекше қалды. Сол кез әлі есімнен кетпейді, өте ерекше болған еді.

Отан алдындағы борышын өтеп келген тағы бір азамат Айдын Бердиев те әскердегі қызыққа толы өмірін Caravan.kz медиа порталының тілшісіне айтып берді.

Отан алдындағы борышын осы жылы ғана өтеп келген азаматтың әскердегі өмірі қалай өтті?


Мен Алматы облысы, Қапшағай қаласына 2018 жылдың сәуір айында келдім. Адам болғаннан кейін, қалай болар екен, не болар екен деген іште уайым бәрібір де болады. Көпшілік қауым телеарналардан немесе әлеуметтік желілерден көріп жүрген бұзақылықты, әлімжеттікті мен бірде бір рет көрген де жоқпын, оған куә болған да жоқпын. Қазіргі таңда Отан алдындағы борышымды өтеп келсем де, қаншада ұйықтасам да сағат таңғы 6-да тұру үйреншікке айналып кеткен екен. Алғашқы күні бірден жүгіріп немесе жаттығу жасап кеттік деп айта алмаймын. Бізді өте көңілді қарсы алды командиріміз, музыкалық аспаппен қарсы алды. Командир құттықтау сөзін айтып “Сіздер бүгіннен бастап әскери қатарындағы жауынгерсіңдер”, — деген сөзі есімде. Ант қабылдағанша оқу орталығында болып барлық қажетті ережелерді біліп, жаттап алған едік. Қорқыныш немесе үрей болды деп айта алмаймын, бірақ жауапкершілік болды. “Міне мен әскерге келдім, енді жауапкершілігім мол”, — деген секілді ойлар болды.

Әскери борышын өтеу кезіндегі қызық жағдай

Ең қызық жағдай кезекшілікте қандай міндеттер атқарамыз. Сондағының барлығын жаттап алуымыз керек болды. Барлығын 1 айдың ішінде барлығын жаттап алып, өз міндеттеріңді білуің тиіс. Ең қызығы біз кезекшілікке түспейтін міндеттерді де жаттап алған болатынбыз. Біз жаңадан келгеннен кейін, жатта дегеннің барлығын жаттап алған екенбіз. Ант қабылдап, ротаға барып білдік, кейбіреуінің бізге қажеті жоқ. Кезекшілікке түспейтін болсаң, бізге қажет емес нәрселерді не үшін жаттап алдық дегенде ой болды. Бірақ оның барлығы ой санаңда қалады екен. Мен үшін ең қызық кез, ең ұмытылмас кез осы әскерде болды. Менімен бірге Отан алдындағы борышын өтеп келген достарыммен араласамыз,  whatsapp желісіндегі өзімізді арнайы тобымыз бар деген секілді. Өзім әскери борышымды осы жылы ғана өтеп келдім. Таңертең ерте тұру, күнде жаттығу сол кезде кейде үйге қайтқың келсе, ал қазір керісінше әскерге қайта барғың келіп тұрады. Өйткені ол естен кетпес күндер ғой.

Бастапқы әскери даярлық қалай бастау алады?

Бастапқы әскери даярлықты қорғаныс, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, білім беру саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады және тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

Әскерге шақыру жасына дейінгі және әскерге шақыру жасындағы адамдарды бастапқы әскери даярлауды бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік (арнаулыдан басқа), орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (бұдан әрі — білім беру ұйымдары) 10 және 11-сыныптарында, бірінші-екінші оқу курстарында бастапқы әскери даярлықтың штаттық ұйымдастырушы оқытушылары жүргізеді. Бастапқы әскери даярлық курсы аяқталғаннан кейін оқитындармен оқу-жаттығу-далалық (лагерьлік) жиындар өткізіледі.