Қорқыт Ата кесенесіне келуші шетелдік туристтердің саны артты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорқыт Ата кесенесіне келуші шетелдік туристтердің саны артты

Қорқыт Ата кесенесіне келуші шетелдік туристтердің саны артты

Елімізде туризм қаншалықты дамыған? Тарихи орындар мен қасиетті жерлерге туристтердің қызығушылығы қандай?

  • 20 Ақпан 2019
  • 706
Фото - Caravan.kz

Осы тұрғыда Caravan.kz медиа-порталының тілшісіне Қорқыт Ата мемориалды музейінің ғылыми қызметкері Әлиев Мағауия мырза сұхбат берді.

— Қорқыт Баба кесенесіне адамдар қандай мақсатпен келеді? Киелі мекен ретінде Бабаның басына түнеушілер де бола ма? 

— Адамның наным-сеніміне байланысты. Құран бағыштап, мал сойып, бабаның басында түнейтіндер де бар. Бұл жерде Ақсақ қыздың да бейіті бар. Дарияның төмен жағында Қорқыт Бабаның жерленген жеріне түнейтіндер де жетерлік. Қонақ үй жоқ кезде сол жерде ескі үйге түнейтін. Бала көтермей жүргендер, қандай да бір ауру-сырқаудан арылу мақсатында, жолын ашу себептерімен келушілер де жетерлік.

Жәй ғана турист ретінде келіп, қызықтап, тамашалап, суретке түсіп кететіндер де бар.

aikyn.kzaikyn.kz

— Қаншалықты жағдай жасалған? Сол жерде қонақ үйлер бар ма? Шет ел азаматтарына арнайы қызмет көрсететін аудармашылар бар ма?

— Қонақ үй бар. Ол жекеменшік болғандықтан, оны дамытып сервисті одан ары жаңарта түсуде. Келушілерге жағдай жасалған. 

 Біз негізі 3 тілде аударма жұмысын жасаймыз (қазақ. орыс, ағылшынтілдерінде). Әлемнің барлық елінен келушілер бар деп толықтай айта аламын. Кейбір кезде туристер өз аудармашыларымен де келіп жатады. Менің жұмсым Бабаның тарихын толыққанды баяндап беру. 

— Алдағы уақытқа жоспарларыңыз бар ма? Өзгерістер енгізіле ме? Жылына келетін туристтер саны қанша? 

— 2014 жылдан бері жаңару жұмыстары жүргізілгеннен бері келушілер саны едәуір өсті. Ал, 2017 жылғы ЭКСПО кезінде туристтер саны өте көп болды.

Келушілер саны жылына 10-12 мың адам болса, соның ішінде 2000-ға жуығы шетелден келген туристтер.

Қорқыт ата мұрасы 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енді. 

 «Ұлы Даланың 7 қыры» деген бастамамен этно-ауыл деп осы Қорқыт Бабаға музей ашсақ деген ұсынысым бар. Ол жерге қымыз, шұбат, құрт-ірімшікті, түрлі қазақи нақыштағы дүниелерді қойсақ, қызығушылар саны артатынына сенімім мол. Уақыт өте мұны да қолға аламыз деген ойдамын!

 

Qazaqstan3d.kzQazaqstan3d.kz

Қорқыт Ата туралы аңыз

Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді. “Қорқыт” сөзінің этимол-сын Ә.Қоңыратбаев “құтты адам, құт әкелетін адам” деп көрсетсе, С.Қасқабасов “өмір сарқылды, адам өлді” деген мағынаны білдіреді деп санайды. Е.Тұрсынов түркі халықтарының фольклорына сүйене отырып, “дада, деде” деген сөздерді “насихат айтушы жырау” деп түсіндіреді. В.Жирмунский Қорқыт Атаны магиялық аспап – қобыздың иесі, шаман, абыз ретінде қарастырады. Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш – “Қорқыт Ата кітабы” (“Китаби дәдәм Корқуд”). Онда Қорқыт Ата жырау, ақылгөй, данышпан, көсем, бақсы,күйші ретінде көрінеді. Кітаптың басында Қорқыт атаның нақыл сөздері келтіріледі. Ол “өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе – адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі” дейді. Қорқыт Ата жөніндегі аңыздарда түркі халықтарының өмір мен өлім мәселесі туралы көзқарастары көрініс тапқан.

Тағы бір аңыз бойынша, өзен ортасына кілем жайып, үстінде отырып қобыз тартқанда, күй күшімен суға батпайды екен. Қорқыт Ата қобыз тартқан жылдары өлім болмаған, тек бақытты тіршілік болған дейді. Бірақ Қорқыт Ата шаршап, ұйықтап кеткен сәтінде судан кішкентай қайрақ жылан шығып, оны шағып өлтіріпті дейді. Аңызда ажал ашық келмей, жылан кейпінде келеді. Бұдан халықтың өлімге деген көзқарасын, “ажал айтып келмейді” деген филос. тұжырымның негізін көреміз. Қорқыт Ата туралы аңыздарда кездесетін үлкен философиялық мәселе – уақыт пен кеңістік мәселесі.


karmakshy.gov.kzkarmakshy.gov.kz

Қорқыт Ата күйлері

Қорқыт өзінің ұрпағына ұлы мұра – қобыздық күйлер — “Қорқыт”, “Желмая”, “Тарғыл тана”, “Елімай”, “Ұшардың ұлуы”.

   

Материалды дайындаған Назира Абсаттарова