Жарияланды: 460

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық кодекске өзгеріс енгізбек

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде мұнайдың төгілуімен байланысты барлық апаттарға жедел шаралар қолдану мақсатында Мұнайдың төлгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспар әзірлеу бойынша, ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

Бұл туралы бүгін Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталмыш министрліктің Экологиялық реттеу мен бақылау комитетінің төрағасы Сағымбек Мұташевтің сөзінен мәлім болды. Өз сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметке теңіздегі мұнай операцияларының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырғандығын атап өткен комитет трағасы: «Бүгінгі күні «Норд Каспий Оперейтинг» компаниясына қарасты Каспий теңізіндегі «Қашаған», «Қарабатан», «Қаламқас», «Ақтоты» және тағы басқа кен орындарында мұнай өндіру нысандарының құрылысы аяқталуда. Жақын арада оларды өнеркәсіп нысаны ретінде әзірлеу шаралары басталады. Сондықтан Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігі үлкен маңызға ие болып отыр. Осы мақсатта министрлік тарапынан Экологиялық кодекске тиісті өзгерістер әзірленді. Ол өзгерістер Парламент қарауына енгізілді»,-деді С.Мұташев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін