«Қорымды қорлағандарға үкім шықты»-республикалық басылымдарға шолу - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қорымды қорлағандарға үкім шықты»-республикалық басылымдарға шолу

«Қорымды қорлағандарға үкім шықты»-республикалық басылымдарға шолу

Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде «Ислам әлемі және қазақстандық үдеріс» деген тақырыппен мақала басылды. «Ислам конференциясы ұйымына (ИКҰ) төрағалық биыл Қазақстанға өтпек. ИКҰ - ислам мемлекеттерінің халықаралық одағы 1969 жылдың 25 қыркүйегінде құ­рыл­ған. Ұйым 57 мемлекеттен тұрады, қазіргі уақытта өзінің құрамы жөнінен БҰҰ-дан кейінгі екінші орындағы ең ірі ұйым. Қазақстан ИКҰ-ға 1995 жылдан бастап мүше. Осы күндері Астанада өтіп жатқан ИКҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінде дүниені дүр сілкіндірген араб әлеміндегі қақтығыстар және оны шешу жолдары назарда болары даусыз», - делінген мақалада.

  • 28 Маусым 2011
  • 404
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанда 1 тамыздан бастап байланыс операторлары үшін Интернет тарифі орта есеп­пен екі есеге арзандайды. Бұл жөнінде Twitter-дегі жеке парағында Бай­ла­ныс және ақ­па­рат министрі Асқар Жұма­ғалиев мәлімдеді», — делінген «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі нөміріндегі «Екі есе арзандайды» деген тақырыппен берілген мақалада. А. Жұ­мағалиевтың айтуынша, «Қазақтелеком» 1 шілдеден бас­тап Megaline тарифтік жобалары­ның жылдамдығын арттырады. Ал 1 тамыздан бастап байланыс опе­раторлары үшін Интернеттің шекті тарифтері орта есеппен екі есеге арзандатылатын болады.

«Кеңестік кезеңде Ресейге ұзақ жылға жалға берілген Тайсойған әскери сынақ алаңы ауданның ең шұрайлы аумағында орналасқан. Ауданның шұрайлы жерін алған ресейліктер сол жылдары ауыл тұрғындарының шырайын да бірге әкетті… Бір жылдың ішінде бірнеше зымыранның қалдықтары құлап, тереңдігі бес жүз метрге дейін жеткен әскери сынақтың зардабы күні бүгінге дейін тұрғылықты жердегі адамдардың денсаулығы мен төрт түлік малға зардабын тигізіп отырғаны осының айқын дәлелі». Осы айтылған мәселемен танысқыңыз келсе «Айқын» газетінің бүгінгі нөмірінде жарияланған «Тайсойған тұрғындары зымыранның зардабын тартып отыр» деген тақырыппен берілген мақалаға көз жүгіртіңіз.

«Қорымды қорлағандарға үкім шықты». «Айқын» газетінің бүгінгі санында осындай тақырыппен мақала басылды. «Атырауда зираттарды қиратып қана қоймай, жерленген мәйіттің жанына жатып, өлім мен о дүниенің жұмбағын сезінбекші болғандарға қатысты қозғалған қылмыстық іс сотқа жетіп, үкім шықты», — делінген мақалада.

«Алаш айнасы» газетінің бүүінгі нөмірінде «Орташа өмір сүру жасымыз орташаға жетпей тұр» деген тақырыппен мақала басылды. Мақалада Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығын басқа елдермен салыстыру «ұяттылау» екендігі айтылады. «ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2009 жылы қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы бойынша күтілген көрсеткіш 68,6 жас болса, 2010 жылы 68,41 жас болған. Алайда, шындығында, бұл көрсеткіш 67,87 жасты құраған. Нәтижесінде еліміз өмір сүру ұзақтығының деңгейі бойынша әлем елдерінің арасында 152-орында тұр», — делінген мақалада.

«Алаш айнасының» бүгінгі санында сондай-ақ «Шоқайдың Шиелі мен Берлинге дейінгі тағылымы жарық көрді» деген тақырыппен мақала басылды. «Алматыда Алаш арыстарының бірі, қазақтан шыққан саяси эмигрант Мұстафа Шоқайдың өмір жолы, еңбегі, тарихи мұрасы, өмір сүрген дәуірі туралы «Мұстафа Шоқайдың жолымен» атты деректі фильмнің тұсаукесер рәсімі өтті», — делінген мақалада.

«Казахстанская правда» газетінің жазуынша, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Гранд Астана» тұрғын үй кешені мен сол жағалаудағы «BI Village» коттеджді тұрғын үйлер алабын аралады. Президент проб­ле­малық нысандардың құрылы­сы­мен және «АҚҚБ «Жаңа құ­рылыс» ЖШС үлескерлерді тұр­ғын үйлермен қамту барысымен танысты. Елба­сы «Қуат» құ­ры­лыс корпорациясы бастап салған үйлердегі үлес­кер­лер өздеріне тиісті үйлерді ала­тынына көзі жет­кенін атап өткен.

Соңғы жаңалықтар