"Қорықты ма білмеймін": "Блок-бекеттегі сұмдық апатқа кінәлі азаматтың әкесі бүгін тағы да мүлдем басқа мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қорықты ма білмеймін": "Блок-бекеттегі сұмдық апатқа кінәлі азаматтың әкесі бүгін тағы да мүлдем басқа мәлімдеме жасады

"Қорықты ма білмеймін": "Блок-бекеттегі сұмдық апатқа кінәлі азаматтың әкесі бүгін тағы да мүлдем басқа мәлімдеме жасады

Алматыдағы блок-бекетте орын алған апатқа кінәлі азаматтың әкесі бүгін тағы бір тың мәлімдеме жасады. Талғат Мұқашевтың айтуынша, ол ұлының жұмыстан өз еркімен кетіп қалғанын білмеген.

  • 29 Мамыр 2020
  • 3800
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы видео Instagram әлеуметтік желісінің ztb_kz парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Құрметті Қазақ елі, кеше мен интервью беріп едім, ұлым Азат туралы. Мен оны білмедім. Біріншіден, ұлымның әріптестерінен тағы да басымды иіп, көңіл айтам. Менің де қабырғама батып тұр. Өмірден жас баланың кетіп қалғаны, артта ата-ананың жылап қалғаны әр қазақтың қабырғасын қайыстыратынын мен жақсы түсінемін. Бәріңізден кешірім сұраймын! Елімнен, жерімнен. Бірақ менің балам коронавирусқа қарсы демалыссыз жұмыс жасап, соған шыдамай, өз еркімен кетіп қалғанын мен білмедім. Мен оны білсем, кеше осындай сөз айтпас та едім. Бірақ өмір талқы осындай болып тұр. Мен оны білгенім жоқ. Мен енді ғана білдім осы жұмыстан өз еркімен шыдамай, кетіп қалғанын. Ол менен қорықты ма білмеймін, мен де қатал өсірмедім баламды.

Адамгершілік ұғымнан асқым келмейді.Мен де адамның баласымын ет пен сүйектен жаратылған. Ешкімнің баласына қиянат жасағым келмейді. Әр адам баласының басында бар шығар мұндай нәрсе, қателесу деген. Балам да қателескен шығар, мен де мүмкін дұрыс тәрбие бере алмаған шығармын, бірақ ойлаймын, ол жаман бала емес. Өмір болған соң бәрі болып жатқан шығар. Халқым, мен сіздерден кешірім сұраймын! Сөге көрмеңдерші! Сіздер де ата-анасыздар ғой", – деді Талғат Мұқашев.

Еске салсақ, апта басында
Алматыда мас жүргізуші бақылау-өткізу бекетін бұзып
өтпек болды.

Департаменттің мәліметінше, Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданында Жаңа Ғасыр көшесімен қиылыста, Кожабекова көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан 1992 жылы туған “BMW” маркалы автокөліктің жүргізушісі №4 бақылау-өткізу бекетіне соқтығысқан. Алдымен ол бетон қоршауға барып соғылған, кейін соның екпінімен патрульдік көлікті соққан. Көлік ішінде екі полиция қызметкері болған.

Өкінішке қарай, полицейдің бірі, 42 жастағы Жалғас Жанғазиев алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Оның әріптесі, Дастан Абдықанов ауруханада көз жұмды.

Ал полиция қызметкерлерін блок-бекетте қағып кеткен BMW жүргізушісінің алты жыл бойы құқық қорғау органдарында жұмыс істегені айтылды. Кінәлі жүргізуші 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін екен. Қазір ол қамауға алынған

 

Соңғы жаңалықтар