Қос балуан Нью-Делиде өтетін Азия чемпионатына жолдама алды - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қос балуан Нью-Делиде өтетін Азия чемпионатына жолдама алды

Қос балуан Нью-Делиде өтетін Азия чемпионатына жолдама алды

Атырауда 1998-2000 жылдары туылған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

  • 15 Мамыр 2015
  • 439
Фото - Caravan.kz

Барлық аймақтан 258 спортшы қатысқан  ел чемпионаты 10 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.

Аталмыш сында грек-рим күресінен жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Қанат Көбегенов жетекшілік жасаған қызылордалық балуандар үстіміздегі жылғы 9-15 маусым аралығында Үндістанның астанасы Нью-Делиде өтетін Азия чемпионатына жолдама алды. Есімдерін айтсақ, №17 Қазалы ауданындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар менжасөспірімдер мектебінен Бағдат Үсенов 76 келіде Қазақстан чемпионы атанса, Жалаңтөс Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы Нұрбақыт Әзелхан 42 келіде күміс жүлдені иеленді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

2
 3