Жарияланды: 390

Қос елдің азаматтығын алған батысқазақстандыққа 91 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

Зеленов аудандық соты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 380-2-бабы 1-бөлімі бойынша екі елдің азаматтығын алған А. деген азаматқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 2007 жылғы наурызда РФ азаматтығын алған ол, 2012 жылдың қаңтарында Зеленов ауданы Поливное ауылында ҚР азаматы ретінде қайта тіркелген. Яғни күші жойылуы тиіс қазақстандық жеке куәлік пен төлқұжатты пайдалануға жол берген. Аталған азаматқа 50 АЕК түрінде (80900 теңге) айыппұл салынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін