Қос жеткіншекті қағып кеткен жігіт 1 жылға бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қос жеткіншекті қағып кеткен жігіт 1 жылға бас бостандығынан айырылды

Қос жеткіншекті қағып кеткен жігіт 1 жылға бас бостандығынан айырылды

Қос жеткіншекті мертіктіргені үшін бір жылға бас бостандығы шектелді. Ақтауда жаяу жүргіншілер жолағында бірден екі баланы қағып кеткен «Қала жолдары» коммуналдық кәсіпорынының жүргізушісіне сот осындай үкім кесті.

  • 16 Қыркүйек 2015
  • 308
Фото - Caravan.kz

Оқыс оқиға осыдан тура екі ай бұрын болды. Жолақпен өтіп бара жатқан 9 және 10 жастағы жеткіншектерді 27 жастағы Рахман Ахатов көлігімен қағып кеткен. Соққының қатты болғаны соншалық, балаларды 20 метрге дейін ұшырып жіберген. Абырой болғанда, ізімен кетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігі оқушыларды ауруханаға жеткізіп, балалар аман қалған еді. Сотта жүргізуші айыбын толық мойындап тіпті өкінетінін де жеткізді. Жол ережесін бұзып, адам денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіргені үшін оның 1 жылға бас бостандығы шектеліп, тағы 3 жыл көлік басқару құқынан айырылды. Енді жәбірленушілер моральдық және материалдық шығынды мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыннан өндіріп алмақшы. 

Наталья Дюбенко, жәбірленуші:

— Тағы шағым түсірмейміз. Сотталған азамат жұмыс істеген «Қала жолдары» ұйымына азаматтық талап-арыз жазамыз. Себебі қағып кеткен көлік соларға тиесілі. Қазір балалар сабаққа барып жүр. Бірақ дәрігердің бақылауында, әлі сауықтыру шараларын жасауымыз керек.

Соңғы жаңалықтар