Қошқарата қалдықтар қоймасында рекультивациялық жұмыстардың бірінші кезеңі аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қошқарата қалдықтар қоймасында рекультивациялық жұмыстардың бірінші кезеңі аяқталды

Қошқарата қалдықтар қоймасында рекультивациялық жұмыстардың бірінші кезеңі аяқталды

Ақтау. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қошқарата қалдықтар қоймасында аумағы 20 мың шаршы метрді құрайтын айрықша радиациялық ластанған бір учаскенің рекультивациялық жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Қыркүйек 2008
  • 603
Фото - Caravan.kz

«Жобаны жүзеге асыру Маңғыстау облысының тұрғындары үшін қоршаған ортаның экологиялық ахуалының жақсаруына, қоршаған ортаның компоненттеріне көрсетілетін антропогендік ауыртпалықтың азаюына және халық арасындағы радиофобияның азаюына алып келеді», — деді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығының орынбасары Орынбасар Тоғжанов.

Оның айтуынша, 20 мың шаршы метрден астам аумақ 25-сантиметрлік бетон қабаты құйылып, оның үстінен гидроизоляциялық материалмен қапталды. Бұдан кейін осынау темірбетон саркофаг бір метр топырақпен көміледі. Оның үстіне жасыл желек пен шөп егіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар