Қостанай: 2 құс фабрикасы модернизациялаған соң, өнідіріс үш еседей артпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай: 2 құс фабрикасы модернизациялаған соң, өнідіріс үш еседей артпақ

Қостанай: 2 құс фабрикасы модернизациялаған соң, өнідіріс үш еседей артпақ

Қостанай облысында 2 құс фабрикасын модернизациялаған соң жұмыртқа өнідірісі үш еседей артады, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады.

  • 8 Маусым 2011
  • 851
Фото - Caravan.kz

«Қостанай облысында құс шаруашылығының екі ірі жобасы іске асырылуда: «Комсомольская» құс фабрикасын 2,9 млрд теңгеге модернизациялау, және «Агроинтерқұс» ЖШС-ті 2,6 млрд теңгеге жетілдіру жүзеге асырылып жатыр», — деп облыс әкімінің орынбасары Нұралы Сәдуақасов сейсенбі күні облыс әкімшілігінің отырысында мәлім етті.

Оның айтуынша «қуаты 12 мың тонна құс етін өндіре алатын «Комсомол құс фабрикасын» іске қосу, аймаққа толығымен құс етінінің импортынан бас тартуға мүмкіндік береді. Қазір облыс жылына 10 мың тонна құс етін сырттан әкеледі».

Кәсіпорынның өндіретін өнімін ақшалай есептегенде жылына Т3,6 млрд болады. Жыл соңына жұмысшылар саны 250 адам, ал жобалық қуатына шыққанда онда жұмыс істейтіндер саны 450 адам болады. 2011-ші жыл соңына бройлерлер өндірісін 2,5 мың тоннаға және тауарлық жұмыртқаны 30 млн данаға жеткізу жоспарлануда.

«Бөлінген қаражаттың 94% игерілгеніне қарамай, кәсіпорын іс жүзінде өнім шығаруға біртіндеп көшіп отыр. Дегенмен өндірістік-технологиялық циклдың көптеген тұстары әлі толық пысықталған жоқ. Ол ең алдымен кәсіпорынды кадрлармен, жем-шөппен қамтамасыз ету, оларды сатып алуға қажет айналыстық қаражат, мұншама бас құсты сою мен сақтау, дайын өнімді сату мәселесі де толық пысықталмаған», — деді Н. Сәдуақасов.

Одан басқа, Арқалық қаласындағы «Агроинтерқұс» ЖШС толық қуатына шыққан соң және 2012-ші жылы тауарлық жұмыртқа өндірісінің көлемі 300 млн данаға жеткен соң, құс фабрикасы облыстағы аса ірі кәсіпорындар қатарына енеді.

Н. Сәдуақасовтың мәліметтерінше, 2010-шы жылы фабрика 45 млн дана жұмыртқа өндіріп, 2011-ші жыл соңына дейін өндіріс көлемі 103 млн данаға жеткізіледі. Қазіргі кезде құс фабрикасында 400-дей адам жұмыс істейді. Өндірісті модернизациялау 2011-ші жылы аяқталады.

Соңғы жаңалықтар