Қостанай балабақшаларына электронды кезек енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай балабақшаларына электронды кезек енгізілді

Қостанай балабақшаларына электронды кезек енгізілді

Қостанай қаласында балабақшаға кезекке тұрудың электронды жүйесі іске қосылды.

  • 30 Қазан 2018
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық білім бөлімінің басшысы Василий Цымбалюк мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі таӊда еліміздің бірнеше қаласында балабақшаларға кезекке тұрудың электронды жүйесі енгізілген. Енді бұл қатарға Қостанай қосылды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің электронды кезекке қоюдың бірыңғай талаптары туралы 2017 жылғы бұйрығына сәйкес, балаларды балабақша кезегіне қоюдың жүйесі жаңарғаны мәлім.

«7 жасқа дейінгі балаларды балабақша кезегіне электронды тіркеу жұмыстары пилоттық режимде сәтті аяқталды. Қазіргі күні жаңа жүйеге 24 мемлекеттік және 43 жекеменшік балабақша қосылды. Балабақшаға құжаттарды тапсыру, балаларды қабылдау процестері автоматтандырылған. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алуға тиімді әдіс. Бір жағынан ата-ана мен білім бөлімдері арасында тікелей байланысты азайтып, ата-аналарға үйінде отырып электронды түрде өтініш жасауға мүмкіндіктер туғызды. Негізі, кез келген ата-ана garden.kst-goo.kz веб-порталына өзінің ЖСН енгізіп, балаға қатысты мәліметтерді орналастырады. Бұдан кейін, бос орындар туралы мәліметтерді бақылап отыру қажет. Егер ұялы телефоныңызға бос орын туралы ақпарат келсе, 3 күннің ішінде балабақшаны таңдап, жолдаманы рәсімдейсіз. Үш күннің ішінде жолдаманы алмасаңыз сіздің кезегіңізге басқа азаматтар үміткер болады. Өтініш толтыруға, жолдама беруге білім бөлімінің мамандары араласа алмайды. Бүгінде Қостанайда 8900 бала электронды кезекте тұр»,- деді Василий Цымбалюк.

Бөлім басшысының айтуынша, жалпы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шараларға қалалық білім бөлімінен 17 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.