Қостанай фабрикасының өнімі халықаралық нарыққа жолдама алды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай фабрикасының өнімі халықаралық нарыққа жолдама алды

Қостанай фабрикасының өнімі халықаралық нарыққа жолдама алды

Қостанайда өткен жылы индустрияландыру бағдарламасы аясында макарон фабрикасы ашылған болатын. Енді оның өнімі халықаралық нарыққа жол тартты. Кәсіпорын күніне 50 тонна өнім шығарады.

  • 14 Шiлде 2011
  • 550
Фото - Caravan.kz



Қостанай макарон фабрикасы – ірі инвестициялық жобаларының бірі. Ұн комбинаты базасының жанынан ашылған кәсіпорын 80 адамға жұмыс тауып берді. Қазақстандық өнім қазір ТМД-дан әрі асып, Тәжік, Түркімен арқылы Ауған елдеріне жеткізіліп отыр. Бұл фабрика – астықты өңдеу бағытында ұлттық қордан қаржыландырылған өңірдегі бірден-бір жоба.

Светлана Ким, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ҚОФ директоры:

— Негізі, несие мерзімі – 6 жыл, сондай-ақ, 6 процент жылдық үстеме беріледі. Жобаның жалпы сомасы – 1 миллиард 750 миллион теңге, соның 1 млрд 480 млн теңгесіне аграрлық несие корпорациясы арқылы қол жеткіздік.

Александр Микетка, «Қостанай диірмен комбинаты» АҚ директоры:

— Біз айына мың жарым тоннаға жуық өнім өндіреміз. Соның 1000 тоннасын шетелге жібереміз. Бүгінде кәсіпорын 70 процент өз қуатымен жұмыс жасап тұр, жыл аяғына дейін толыққанды, яғни 100 процент іске қосылатын болады.

Соңғы жаңалықтар