Қостанай облыстық әкімшілігі аймақ экономикасына 900 млн. доллар көлемінде инвестиция тартпақ ниетте - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облыстық әкімшілігі аймақ экономикасына 900 млн. доллар көлемінде инвестиция  тартпақ ниетте

Қостанай облыстық әкімшілігі аймақ экономикасына 900 млн. доллар көлемінде инвестиция тартпақ ниетте

Қостанай облыстық әкімшілігі аймақ экономикасына 900 млн. доллар көлемінде инвестиция тартып, 4 мыңдай қосымша жұмыс орнын құрмақшы. Бүгін, 29-қаңтарда Қостанайда облысы атқамінерлерінің отырысы өтіп, онда Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған аймақтық бағдарлама жобасы талқыланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Қаңтар 2004
  • 581
Фото - Caravan.kz

Алдағы үш жылға есептелген аймақтық бағдарлама 53 инвестициялық жобадан тұрады. Олардың арасынан келешегі бар жобаларды жүзеге асыру, облыс әкімі Өмірзақ Шүкеевтің пікірінше, өнеркәсіп өнімінің өсу қарқынын жыл сайын 8 процент көлемінде қамтамасыз етуі тиіс. Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда басымдық берілген 8 жобаны жүзеге асыруға облыста нақтылы жағдай жасалып отыр. Кеңеске қатысушыларға осындай бірнеше жоба таныстырылды.

Алдағы бірнеше жылда тау-кен өнеркәсібі саласында екі ірі жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» ААҚ-ның негізінде металдандырылған өнімдер өндірісін құру — құрамындағы темір мөлшері 90 проценттен кем түспейтін концентрат өндіруге мүмкіндік береді. Мұндай өнім жоғары сапалы құрыш сорттарын өндіру үшін пайдаланылады. Жоба құны 587 млн. долларға бағаланған. Жобаның бірінші кезегі 2004-жылдың ақпан айында пайдалануға беріледі.
«Өркен» ЖШС 2004-жылдың мамыр айында темірлі кендерді фосфордан айырып, байытуға арналған цехты жабдықтауға кіріседі. Жаңа технология концентрат құрамындағы темір мөлшерін 60 процентке дейін арттырып, фосфор қоспаларын 0,2 процентке дейін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл жобаның құны 13 млн. долларға бағаланып отыр.
Қостанай дизель зауытының негізінде машина жасау саласындағы екі жобаны жүзеге асыру межеленген. Ресей мен Германия бірлескен қазіргі заманғы двигатель үлгісін шығару жобасының бірінші кезегіне 2004-жылы 20 млн. доллар бөлінбекші. Ал «Агромашхолдинг» ААҚ-ның мамандары еңбектеніп жатқан екінші жоба бойынша, шынжыр табанды тракторларға арнап трансмиссиялар өндіру көзделген. Жоба құны 10,7 млн. долларға тең.
«Қазогнеупор» ЖШС периклаздан жасалған отқа төзімді материалдар өндірісінің жаңа технологиясын қолданысқа енгізуге кірісті. Елімізде мүлдем өндірілмейтін мұндай материалдарға өнеркәсіп саласында сұраныс мол. Алғашқы осындай өнім 2004-жылдың сәуір айында шығарылады. Ал одан кейінгі екі жылда желінің өндірістік қуаты 26 мың тоннаға жетеді. Жоба құны 13 млн. долларға бағаланған.
Ал «Адани» ЖШС жоғары сапалы жалпақ әйнек өндіруге арналған еліміздегі тұңғыш зауыттың жобасын жасап шығарды. Бұған дейін елімізде мұндай өнім мүлдем өндірілмеген. Бұл жобаға 13 млн. доллар жұмсалады.
Ал жалпы құны 11,5 млн. долларды құрайтын тағы да екі жобаны жүзеге асыру Қостанай облысында құс шаруашылығына арналған құрама жем өндірісі мен қазіргі заманғы озық технологиялар негізінде винил тұсқағаздары өндірісін ашуға мүмкіндік жасайды.
Индустриялық-инновациялық даму жөніндегі аймақтық бағдарлама жобасы облыстық мәслихаттың таяудағы сессиясында қаралады.

Соңғы жаңалықтар