Қостанай облыстық бір кәсіпкер өзіне 6,5 млн. теңге қарыздар болып қалған облыстық ІІББ-на қарсы сот процессінде жеңіп шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облыстық бір кәсіпкер өзіне 6,5 млн. теңге қарыздар болып қалған облыстық ІІББ-на қарсы сот процессінде жеңіп шықты

Қостанай облыстық бір кәсіпкер өзіне 6,5 млн. теңге қарыздар болып қалған облыстық ІІББ-на қарсы сот процессінде жеңіп шықты

Қостанай облыстық Сергей Лапыренок есімді кәсіпкер өзіне 6,5 млн. теңге қарыздар болып қалған облыстық ІІББ-на қарсы сот процессінде жеңіп шықты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Тамыз 2004
  • 505
Фото - Caravan.kz

1998-жылы С.Лапыренок Қостанай облыстық ІІББ басшылығына арнап Ниссан-Максима автокөлігін сатып алуға бір ай мерзіммен мекемеге 6,5 млн. теңгенің несиесін берген. Алайда, қаржы тапшылығын алға тартқан полиция қызметкерлері қарызды күні бүгінге дейін қайтармаған. Ақшасын үш жыл күтіп әбден тарыққан кәсіпкер ақыры оған қол жеткізе алмай, сот көмегіне жүгінеді.

Сөйтіп, екі жыл ішінде 12 сот отырысы өткізіліп, олардың бәрінде де ІІББ-на ақшаны қайтару жөнінде міндеттеме жүктелген. Осы уақытта полиция қызметкерлері кәсіпкердің үстінен 2 қылмыстық іс қозғаған.
Соған қарамастан, соттың соңғы шешімін ІІББ-ның басшылығы әділетті деп таныған. Бірақ, қарызды бірден емес, мүмкіндікке сәйкес біртіндеп қайтаруға уәде береді. ІІББ-дағылар автокөлік үшін есеп айырысу процессінің осыншама ұзаққа созылу себептерін кәсіпкер талабының әділеттілігін анықтау үшін арнаулы тексерулер өткізілгендігімен байланыстырып түсіндіреді. ІІББ баспасөз қызметінің мәліметіне жүгінсек, қарыздың ақиқаттығы рас, бұған дейінгі келісім-шарт міндеттемесін орындаудан ешкім жалтармайды, дегенмен, «берешек кімге берілуі тиіс екндігі төңірегінде сұрақ туындағаны шындық» деген мәлімдеме жасалды.
Бірақ ІІББ басшылығы С.Лапыренокқа шиеленісті реттеудің бірнеше жолын ұсынып, қарызды 5 жылда қайтаруға келісуді немесе автокөлікті кері қайтарып алуды сұрап отыр.

Перейти к новостям спорта