2012 жылдың 29 қазанында ҚР ІІМ басшысының бұйрығымен Қостанай облыстық ІІД Жол полициясы басқармасының бастығы қызметіне полиция полковнигі Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев тағайындалды. Бұған дейін ол Қарағанды облыстық ІІД Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
Федоров АІІБ-нің бастығы болып полиция полковнигі, Қостанай облысындағы Наурызым АІІБ-нің бұрынғы бастығы Нұрлан Естайұлы Байқасов тағайындалды.
Қостанай облысындағы Наурызым АІІБ-нің бастығы қызметіне полиция майоры Қазбек Бақытбекұлы Бисембаев тағайындалды. Бұған дейін ол Қостанай облысындағы Қостанай аудандық ІІБ-нің тергеу бойынша бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.