Қостанай облыстық ІІД-нің жаңа басшысы тәртіп сақшыларының арсыздығымен күреспекші - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облыстық ІІД-нің жаңа басшысы тәртіп сақшыларының арсыздығымен күреспекші

Қостанай облыстық ІІД-нің жаңа басшысы тәртіп сақшыларының арсыздығымен күреспекші

ҚОСТАНАЙ. 29-қараша. Kazakhstan Today. Осыдан бір апта бұрын жұмысқа кіріскен Қостанай облыстық ІІД-нің жаңа басшысы Молдияр Оразалиев өз қарамағындағылар арасындағы арсыздық көріністерімен күреспекші, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

  • 29 Қараша 2006
  • 433
Фото - Caravan.kz

«Полиция қызметкерлері тарапынан арсыздық пен асқақтаушылық мінез көрсетуге жол беруге болмайды. Біз осындай деректермен аяусыз күрес жүргізетін боламыз»,- деді генерал қызметке кіріскеннен кейін өткізген алғашқы баспасөз мәслихатында. «Ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің үстінен жыл басынан бері 37 қылмыстық іс қозғалған. Оның 15-і сотқа жіберілді»,- деді тәртіп сақшысы.

ІІД басшысының айтуынша, халықтың полицияға деген сенімі көп жағдайда заң бұзушылықтар туралы хабарламалар мен арыз-шағымдарды толық тіркеуге, қылмыстарды ашу мен олардың алдын алуға тікелей байланысты. Полициядан көмек сұрай келген адам олардың басына түскен қайғы-қасіретке полиция қызметкері бей-жай қарамайтынын сезінуге, қажетті шаралар қолданылып жатқанын нақты білуге тиіс, деді М.Оразалиев.

Облыстың бас тәртіп сақшысы өңірдің ерекшелігімен таныс екенін жеткізді. «Бұл қызметте мен бұған дейін де тұрғам, сол себепті өңірді мен жақсы білемін. Қызметкерлер құрамының басым бөлігін, олардың мүмкіндіктері мен Қостанай облысындағы қылмыстардың ерекшелігін де жақсы білемін»,- деді ол.

«Облыстағы тәртіп сақшыларының материалдық-техникалық қамтамасыздығы еліміз бойынша таңдаулы деп айта аламын. Учаскелік полицейлер үшін ондаған автокөліктер сатып алынған, учаскелік бөлімдер жөнделді, әрбір учаскелік тәртіп сақшысы өзі қызмет ететін аумақтан пәтерге ие болды. Бұл бізге қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстарды ашу жөніндегі өз міндеттерімізді тиімді орындауға мүмкіндік береді»,- деді ол.

М.Оразалиев Қостанай облыстық ІІД-ін 1999-2001-жылдарда басқарған. Бұдан кейін ол ҚР ІІМ-нің бірінші вице-министрі, ал 2002-жылы ҚР ІІМ Қарағанды заңгерлік институтының бастығы болып тағайындалды. Ағымдағы жылдың тамыз айына дейін М.Оразалиев Алматы қалалық ІІД-ін басқарды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта