Қостанай облысы 4,5 млрд. теңгенің мақсатты трансфертін алды - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысы 4,5 млрд. теңгенің мақсатты трансфертін алды

Қостанай облысы 4,5 млрд. теңгенің мақсатты трансфертін алды

Қостанай облысы республикалық бюджеттен 4,5 млрд. теңгенің мақсатты трансфертін алды. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында облыс әкімінің орынбасары Альберт Рау мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Ақпан 2005
  • 403
Фото - Caravan.kz

Трансферттер білім беру, денсаулық сақтау және құрылыс саласына жұмсалады.

Облыстық мәслихаттың депутаттары бөлінген трансферттердің негізінде 2005-жылғы облыстық бюджетке түзетулер енгізді.
Атап айтсақ, бюджет қаржысы білім беру және денсаулық сақтау нысандарын материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықтауға және осы сала қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін арттыруға жұмсалады. 80,8 млн. теңге Ұлы отан соғысына қатысушыларға бір мәрте көмек ретінде беріледі. 350 млн. теңгені облыс диабет дертіне шалдыққандарға дәрі-дәрмек сатып алу, екіқабат әйелдер арасындағы қан аздығы мен иод тапшылығымен күреске, 5 жасқа дейінгі балаларға дәрігерлік көмек көрсетуге және профилактикалық мақсаттағы дәрігерлік байқауларды ұйымдастыруға арнамақшы.
Арқалық және Жетіқара сынды шағын қалалардың әрқайсысына бөлінген 30 млн. теңге жылыту маусымын аяқтауға және қалалардағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсартуға жұмсалады. Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің 180 млн. теңгесі Желқуар су таратқыш қондырғысын одан әрі салуға, 50 млн. теңгесі 60-шы жылдары салынып, қазір күрделі жөндеуді талап етіп тұрған Есіл су құбырын жөндеуге арналады. 1 млрд. теңге бірінші кезекте муниципалдық тұрғын үйлер салуға бағытталады.