Қостанай облысы аудандарының көпшілігі орақ науқанын аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысы аудандарының көпшілігі орақ науқанын аяқтады

Қостанай облысы аудандарының көпшілігі орақ науқанын аяқтады

20-қыркүйектегі жағдаймен Қостанай облысындағы 16 аудан орақ науқанын аяқтады. Қазір Жетіқара және Торғай аудандарындағы егіс алқаптарында да комбайндар үні естіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ауылшаруашылығы департаментінен хабарлады.

  • 21 Қыркүйек 2004
  • 427
Фото - Caravan.kz

Жалпы алғанда, қазіргі жағдаймен облыстағы егіс алқаптарының 99,8 процентінен астық жиналды. Облыс бойынша бункерлік салмақпен орташа шығымдылық бір гектардан 8,5 центнерді құрады. Барлығы 2,6 млн. тонна түсім бастырылды.

Егіншілердің айтуынша, тұқым себу технологиясында жіберілген қателіктер кейбір шаруашылықтарды бір гектардан 4 центнерге дейін шығынға ұшыратты. Ғалымдардың нұсқауларына арқа сүйеген шаруашылықтар ғана ойдағыдай астық орды. Мәселен, Таран ауданының дихандары ауа райының қолайсыздығына қарамастан, бір гектардан 8,5 центнер түсім жинап алды. Бұл аудан үшін жаман көрсеткіш емес.

Перейти к новостям спорта