Қостанай облысына тұқым себу науқанына арнап республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысына тұқым себу науқанына арнап республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінеді

Қостанай облысына тұқым себу науқанына арнап республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінеді

ҚР үкіметінің "Жергілікті атқарушы органдарға 2004-жылғы көктемгі тұқым себу және астық ору науқандарын ұйымдастыруға арнап несие беруге қатысты кейбір мәселелер туралы" қаулысына сәйкес Қостанай облысы республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге алады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қостанай облыстық қаржы департаментінен хабарлады.

  • 11 Ақпан 2004
  • 526
Фото - Caravan.kz

Алынған несие ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне жанар-жағармай, тұқым, тыңайтқыштар, гербицидтер, ауылшаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектер сатып алуға жұмсалады.

Сондай-ақ, облыстық бюджетте көктемгі далалық жұмыстарға 72 млн. теңге қарастырылды. Бұл қаржы несиелік ресурстарға қосымша қажеттілік туындаған жағдайда пайдаға асады.
Тағы да сол үкімет қаулысының шеңберінде республикалық бюджеттен Оңтүстік Қазақстан облысы 270 млн. теңге алғалы отыр. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ислам Әбішевтің айтуына қарағанда, бұл несие қысқа мерзімді әрі өсімсіз беріледі.
Былтырғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысы көктемгі далалық жұмыстарға 120 млн. теңге алған. Ол кезде қаржыдан мұқтаждық тартпайтын сала ретінде мақта өсірушілерге несие бермеуге шешім қабылданған болатын. Ал биылғы қаржының қалай үлестірілетіндігі әзірге белгісіз. И.Әбішевтің айтуынша, қаржының басым бөлігі жанар-жағармай сатып алуға жұмсалады. Ол сондай-ақ, несие беретін субьектілерді айқындау барысында өткен жылғы несиені дер кезінде, толық көлемде қайтару дерегі ескерілетінін жеткізді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, тағы бір астықты аймақ- Солтүстік Қазақстан облысына да тұқым себу науқанына арнап республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінеді.

Соңғы жаңалықтар