Қостанай облысында полиция 12 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікпен 29 жастағы Лисаковск тұрғынын ұстады.
"Время" газетінің хабарлауынша, қазіргі кезде ер адам қамауға алынған. Бұл туралы sputnik.kz-ке сілтеме жасап Caravan.kz медиа порталы хабарлады
Ал жүкті қыз перзентханада жатыр.
Қостанай облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 120-бабы (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сондай-ақ, тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды.
Айта кетейік, жыл басында "зорлау" бабы – орташа ауырлық дәрежесінен ауыр қылмыстар санатына ауыстырылған болатын.
Егер аталған факті дәлелденсе, ер адамға 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.