Қостанай облысында 13 тоннадай спиртті өнімдер заңсыз айналымнан шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында 13 тоннадай спиртті өнімдер заңсыз айналымнан шығарылды

Қостанай облысында 13 тоннадай спиртті өнімдер заңсыз айналымнан шығарылды

2004-жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қостанай облыстық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің қызметкерлері 13,8 тонна спиртті өнімдерді тауып, заңсыз айналымнан шығарды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Тамыз 2004
  • 335
Фото - Caravan.kz

Мәселен, 2004-жылдың тамыз айында Қостанайда қолдан жасанды спиртті өнімдер дайындап сататын екі жасырын цех табылды. Бұл дерек бойынша әкімшілік істер қозғалып, іс материалдары Қостанай қалалық сотына жіберілді.

Жалпы алғанда 2004-жылдың 7 айында Қостанай облыстық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің қызметкерлері 10,6 млн. теңгенің акциздік өнімдерін заңсыз айналымнан шығарды. Соның ішінде 3,2 млн. теңгенің 6,5 тонна этил спиртін, 2,4 млн теңгенің 7,3 тонна спиртті өнімдерін тапты.

Перейти к новостям спорта