Қостанай облысында 150-дей бала жұқпалы іш ауруымен ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында 150-дей бала жұқпалы іш ауруымен ауруханаға жатқызылды

Қостанай облысында 150-дей бала жұқпалы іш ауруымен ауруханаға жатқызылды

Қазіргі жағдаймен Қостанай облысы Рудный қалалық балалар ауруханасына жұқпалы іш ауруымен 150-дей бала жатқызылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Рудный қаласы әкімшілігінен хабарлады.

  • 21 Мамыр 2004
  • 458
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, қаладағы 7 мектеп пен 6 балабақшаның балалары аурухана төсегіне таңылған.

Дене қызуы көтерілу, құсқы келу, асқазан жұмысының бұзылуы тәрізді алғашқы улану белгілері балалар арасында кеше көрініс берсе керек. Балалардың басым бөлігі бүгін түнде және таңертең ауруханаға түскен.
Қазіргі жағдаймен жұқпалы аурудың нақты түрі мен себептері анықталған жоқ. Ауруханадағы балалардың ахуалы туралы да түсініктеме берілмей отыр. Аталмыш мектептер мен балабақшалар азық-түлік өнімдерін бір көзден алатындығы ғана белгілі болды.
Рудныйда қазір облыстық СЭС-тің бас дәрігері Василий Пасичник басқарған арнаулы көшпелі комиссия жұмыс істеуде. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері де жеке тексеру жүргізіп жатыр. Тергеу нәтижелері мен комиссия қорытындысы әзірге белгісіз.
Рудный қалалық прокуратурасы ҚР Қылмыстық істер Кодексінің «Санитарлық-эпидемиологиялық тәртіптер мен ережелерді бұзу» жөніндегі 267-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.